Екі рет өнім берді
Халиф Харун ар-Рашид қарапайым киім киіп, өзінің уәзірімен келе жатып бақтың ішінде құрма ағашын егіп жатқан қарт кісіні көреді. Қасына жақындап келіп:
– Не істеп жатырсыз? – деп сұрайды.
Қария: – Құрма ағашын егіп жатырмын, – дейді.
Халиф: – Бұл ағаш неше жылдан кейін өнім бере бастайды?
Егде тартқан кісі көшетті отырғызып жатып:
– Білмеймін. Мүмкін 10 жыл, мүмкін 20 жылдан кейін... Харун ар-Рашид:
– Ал сіз осы ағаштың өнім бергенін көріп, оның дәмін тата аласыз ба? – дейді.
Сонда қария сәл ойналып:
– Бұл ағаштың өнімін көріп, дәмін татуға өмірім жетпеуі мүмкін. Бірақ біз бізге дейін атабабаларымыз отырғызған жеміс ағашының өнімін жедік. Енді бізден кейінгілер осы құрма ағашының өнімін жейтін болады, – дейді.
Бұл сөзге риза болған Халиф қалтасынан алтын толы қапшықты шығарып, қарияға береді. Аллаға шүкіршілік айтқан қарт кісі
: – Мен отырғызған көшет алғашқы күнненақ өнім бере бастады, – дейді.
Қарияның осынша шүкіршілік қылғанына тәнті болған Харун ар-Рашид әлгі кісіге тағы да алтын толы қапшықты ұсынады. Қария қос қапшықты көтеріп тұрып:
– Бәрінің ағашы жылына бір рет өнім бергенде мен отырғызған көшет алғашқы күннен өнім бере бастады. Және де бір жылда бір емес, екі рет өнім берді, – депті.