Демікпе туралы нені білу керек?
Демікпе — қайталанып отыратын тұншығу ұстамалары мен ысқырып дем алу тән тыныс алудың созылмалы ауруы. Демікпе ұстамасына ықпал ететін кейбір себептер демікпемен ауыратын барлық адамдарға ортақ, ал кейбіреулері дербес сипатта болады. Демікпеге шалдықтыратын ең маңызды қауіпті факторлар деммен кіретін тітіркендіргіш заттар болып табылады, оның ішінде:
- ғимарат ішіндегі аллергендер (мысалы, үйдегі шаң,төсек-жабдықтардың кенелері, кілемдер мен жұмсақ жиһаздар, ауаның ластануы мен үй жануарларының қайызғағы)
- ғимараттың сыртындағы (гүл тозаңы мен көк секілді) аллергендер
- темекі түтіні
- жұмыс орындарындағы химиялық тітіркендіретін заттар.
Ауруды қоздыратын басқа факторларға суық ауа, ашу немесе қорқыныш секілді эмоциялық сезімдер мен дене жаттығуы жатады. Кейбір адамдарда демікпені аспирин мен басқа қабынуға қарсы стероидті емес дәрілер, сондай-ақ бета-блокаторлар (гипертония, жүрек ауруы мен бас ауруын емдеу үшін қолданылатын) дәрі-дәрмектер қоздырады. Демікпені емдеуге болмайтынына қарамастан, тиісті қарау арқылы ауруды бақылауда ұстауға және демікпемен ауыратын адамдарға жақсы өмір сапасын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар демікпенің жеңіл түрімен ауыратын кейбір балаларда есейе келе ауру белгілері жойылып кетеді.
Демікпе емделмейді, бірақ пациенттерді тиісті диагностикалау, емдеу мен ағарту арқылы демікпемен күресу және пациенттерді қарау саласында жақсы нәтижелерге жетуге болады.
Демікпе тұншығу мен ысқырып демалу қайталанатын, адамдарда аурудың ауырлығы мен жиілігі өзгеріп отыратын созылмалы ауру болып талбылады.
Демікпеден зардап шегетін адамдарда аурудың белгілері күніне немесе аптасына бірнеше рет ұстауы мүмкін. Кейбір адамдарда дене белсенділігі кезінде немесе түнде ұстауы мүмкін. Егер қоздыратын заттарды тауып, олардың әсерінің алдын алмаса, тыныс алу жолдары тарылып, ол өмірге қауіп төндіру және демікпенің ұстауына, тыныс алудың жеткіліксіздігіне, тіпті өлімге алып келуі мүмкін.
Демікпе балалар арасында кең таралған созылмалы ауру болып табылады. Бірақ оны дербес белгілеріне сәйкес түрлі профилактикалық және емдік бағдарламалардың көмегімен бақылауға болады.
Демікпе ауруының алдын алу үшін дене шынықтырумен айналысыңыз, темекі шекпеңіз, ішімдік ішпеңіз, тыныс жолдарының ауруларын дер кезінде емдеңіз (тұмау, бронхит) аллерген әсерін болдырмау үшін үй жайды таза ұстаңыз, кунделікті ылғалды тазалық жүргізіңіз және желдетіп отырыңыз, аллергиялық аурулар болса, уақытылы емдеңіз.
Д.Т.Алашбаева,
Жастар денсаулығы орталығының
Сырдария аудандық құрылымдық
бөлімшесінің дәрігері