Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Темекі шегудің салдары: темекі шегу неге зиян және қауіпті?

Темекі шегудің салдары: темекі шегу неге зиян және қауіпті?


Темекі шегу көптеген қауіпті ауруларға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес жыл сайын одан әлемде 6 миллионға жуық адам қаза табады екен. Темекі шегудің салдарынан денсаулықта көптеген ақаулар пайда болады.
Темекі түтінінде қандай заттар бар.
Сигарет – темекі жапырақтары мен қағаздан тұратын зиянсыз ойыншық емес. Ол жанғанда 4 мыңнан ас химиялық заттар бөлінеді. Дәл соларды шеккен кезде ағзаға зиян тигізеді.
Сіздер сигарет түтінімен бірге:
шайырлар – қатты бөлшектердің қоспасы. Олардың көбі канцерогендер болып табылады және өкпені бітейді;
күшән –сигареттің құрамындағы ең зиянды элемент. Жүрек-қантамыр жүйелеріне кері әсерін тигізіп, қатерлі ісіктерге шалдықтырады;
бензол – органикалық өнімдердің улы химиялық қосындылары. Лейкоз бен басқа обыр түрлеріне шалдықтырады;
полоний – радиоактивті элемент. Ағзаға іштен радиациялық әсер етеді;
формальдегид – улыхимиялық зат. Өкпе аурулары мен тыныс алу жолдарының ауруларына шалдықтырады;
басқа заттартемекі түтінімен дем арқылы кіретін зиянды қоспалар қантамырлар жүйесі арқылы адамның барлық ағзасына өтіп, ішкі ағзаларға қауіпті залал келтіреді.
Темекі шегудің адам ағзасына әсері
Темекі шегудің әсерінен қандай аурулар пайда болады
Өкпе және тыныс алу жолдары
Темекінің ағзаға зияны бірінші тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Зиянды заттар тыныс алу жолдарының тіндерін зақымдап, кеңірдек түктерінің қызметін бәсеңдетеді. Шайырлар өкпе альвеоласын бітеп, газ алмасу орнын азайтады. Азот оксиді тыныс алуды қиындата отырып, бронхты тарылтады. Соңында барлық деммен кірген заттар мен микроағзалар өкпе тіндерін бітеп, қанның құрамына сіңеді де, бүкіл ағзаға тарайды. Темекі шегу бронх демікпесі, созылмалы ринит, туберкулез, созылмалы өкпе ауруларына (бронхит және т.б.) шалдықтырады немесе оларды асқынтады, сондай-ақ суық тию мен тұмаумен ауыру жиілігін арттырады.
Жүрек-қантамыр жүйелерінің аурулары. Никотин тамырлардың тарылуына ықпал етіп, уақыт өте келе аяқ-қолдың ұсақ тамырларының бітелуіне алып келеді. Иіс газы күретамырларға жиналып, қанның жүруін бәсеңдетеді, гемоглобинмен бірігіп гипоксияға, яғни ауаның жетіспеуіне әкеліп соғады. Адреналин секрециясын күшейту артериялық қан қысымын көтеріп, жүректің жиырылу жиілігін жеделдетеді. Жалпы көңіл-күй түсіп, белсенділік пен еңбекке қабілеттілік төмендейді. Сонымен қатар, темекі шегу қан құрамындағы холестерин деңгейін арттыратындықтан қауіпті, ол ұйыған қанның пайда болуы, инфаркт пен инсульттің қаупін тудырады.
Обыр. Темекіге құштарлықтың өте зиянды салдары бронх, өкпе, кеңірдек, көмей, өңеш, қуық пен ұйқы безінің онкологиялық аурулары болып табылады.
Ас қорыту мүшелерінің ақаулары (тоқ ішекте полиптердің пайда болуы, асқазан мен ұлтабардың жарасы, гастрит, іштің шаншуы–ішектің шырышты қабығының қабынуы және т.б.)
Ауыз қуысы аурулары. Темекі шегудің салдары тіс эмалінің сарғаюы ғана емес, жара гингивит, пародонтит, шырышты қабықтың онкологиялық зақымдалуы секілді қауіпті ақаулар болып табылады.
Қимыл-тірек аппаратының бұзылуы. Темекі шегу сіңір мен байламдарға, сондай-ақ бұлшықет тіндеріне зиянды әсер етеді. Темекінің әсерінен ағзада кальцийді сіңіру нашарлап, остеопорозға шалдығады да, сүйектің сыну жиілігі және ревматоидтық артритке шалдығу қаупі артады.
Көз аурулары (торқабықтың зақымдалуы, көз алмасының қозғылысының ауытқуы, темекі амблиопиясы (көздің көрмеуі), диабет ретинопатиясы (қант диабетімен ауырғанда көз торқабығы тамырларының зақымдалуы, катаракта және т.б.)
Репродуктивтік жүйенің ауыруы. Темекі шегу жыныс мүшесінің қызметінің бұзылуына, белсіздікке шалдығуға, болашақ аналар мен олардың ішіндегі ұрықтың саулығына қауіп төндіреді. 5200 отбасында балалар мен ересектердің денсаулығын көрген неміс ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес әкенің темекі шегу туа біткен ауытқулары бар балалардың пайда болу қаупін 2 есеге арттырды. Ал егер анасы темекі шегсе-бұл көрсеткіш тағы 2-3 есе артады!
Басқа аурулар (қант диабетінің II типі, депрессия, ұмытшақтық, естудің бұзылуы және т.б.)
Темекі шегудің сыртқы келбетке қандай зияны бар
Тері. Созылмалы гипоксия мен тамырдың тарылуы шылымқордың терісінің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады да, оған нәрлі заттармен ауа бармайды. Тері сұрланып, сусызданып шаршаңқы көрінеді. Терінің созылғыштығын жоғалтуының салдарынан мимикалық әжімдердің көлемі артады.
Сымбат. Темекінің арықтауға көмектесетіндігі туралы кең таралған өтірікке қарамастан, шылымқордың май қыртысының таралуы қалыптан ауытқиды: майлар бел менкеуденің айналасына жиналады.Жамбасқа майдың жиналуы төмендейді. Жамбас пен белдің көлемінің үйлеспеуі туындайды.
Ауыз қуысы. Галитоздан (сасық дем) басқа темекі шегудің салдарынан эстетикалық кемшілік пайда болады: тістің эмалі сарғаяды. Темекі шегу ауыз қуысының қабынуына, ауыз қуысының қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігінің бұзылуына, тісжегі, эмальдің сызат алуы, пародонтоз және тағы да басқа ауруларға шалдықтырады.
Г.Жаналиева,
Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы Сырдария аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы.
25 мамыр 2019 ж. 1 707 0