Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйдегі ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына қалай әсер ететіні анықталды

Үйдегі ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына қалай әсер ететіні анықталды

Халықаралық топтың мамандары коронавирустың таралуын тежейтін ауа ылғалдылығының деңгейін анықтады. Зерттеу жұмысының қорытындысы Annual Review of Virology журналында және Йель университетінің сайтында жарияланды, деп хабарлады Naked Science
Ғылыми жұмыстың авторлары пандемиямен күрес жолында карантин шаралары мен арақашықтықты сақтау аздық ететінін айтып отыр. Аурудың таралуына ғимараттағы, үйдегі және бөлмедегі микроклимат, атап айтқанда, ауаның ылғалдылығы да әсер етеді.
«Біз өмірдің 99 процентін үй-жайда өткіземіз, бірі-бірімізге жақын жүреміз. Осы орайда бұған дейін маңызды бір мәселе жайында айтылған жоқ. Үйдегі және даладағы температура мен ауа ылғалдылығының ара қатынасы вирустың таралуына қалай әсер етеді? Міне, біз осы мәселені зерттеп шықтық», – дейді зерттеудің бас авторы, иммунобиолог Акико Ивасаки.
Ғалымдардың айтуынша, қыста вирустар үш есе қаупті болады. Себебі сырттан келетін суық ауаның ылғалдылығы төмен, ал бөлменің іші жылынғаннан кейін ауаның ылғалдылығы 20 процентке түседі. Ондайда вирустар тез тарайды. Бұдан бөлек, құрғақ ауа тұрса, адамның иммунитеті патогендік бактерияларды дер кезінде тоқтата алмайды.
Зерттеушілер тышқандарға тәжірибе жасап, инфекцияның таралуын байқап көрді. Сонда ауа ылғалдылығы төмен жерде вирус тез тараған. Ал ылғалдылық 40-60 процентке көтерілгенде тышқандардың инфекцияны бір-біріне жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеді.
Бірақ ауа ылғалдылығы тым жоғары болса, респираторлық вирус қайтадан тез тарап, заттардың үстінде ұзақ уақыт сақталған. Осыған байланысты ғалымдар барлық дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, үйдегі ауа ылғалдылығын 50 проценттің деңгейінде ұстап тұруға кеңес беріп отыр.
02 сәуір 2020 ж. 568 0