Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар балаларының болашағын ойлап, білім беру депозиттерін ашуда

Қазақстандықтар балаларының болашағын ойлап, білім беру депозиттерін ашуда

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) басты идеясы күллі қазақстандықтар үшін білім алудымейілінше қолжетімді ету. Мемлекет өз тарапынан бізге балаларымыздың болашақта білім алуына алдын ала қаражат жинақтауға керемет жағдай жасады және бүгінде көптеген адам осымүмкіндікті пайдалана бастады.
ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ МБЖЖ-ның шарттары барынша қолжетімді және сұранысқа ие болуы үшін үлкен жұмыстар атқаруда. Бүгінде бағдарлама идеяны "AQYL"деп аталатын нақты брендке, тұжырымдамаға, фирмалық стильге айналдырып отыр. Адамның ой-өрісі, жоғары құзыреттілігі, бәсекеге қабілетті білімі,"өмір бойы"үздіксіз білім алуы қоғамның оны қабылдауына ең маңызды шарттар болатын жағдайда өмір сүретін балаларымыз үшін тілейтініміз осы – ақыл-парасат, ақыл-ой, білімділікемес пе? 
"AQYL"-дың басты көздегені де міне осы –болашақтабілім алудыңәрбір қазақстандыққа қолжетімділігі! Өз сөзінде, ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимов былай дейді:"Егер ата-аналар оқуға қаражаттымақсатты түрде және алдын ала жинақтайтын болса, болашақта қалаған білімін алатын балалар қатары артатын болады. МБЖЖ өзінің өміршеңдігін толыққанды көрсете білді – ол бойынша депозит ашқан отандастарымыз балаларының болашақта білім алуын инвестициялайды!»
Бұл – балабақша, мектеп жасынан-ақ балаларымыздың болашағын ойлай бастауға бірегей мүмкіндік. Осындай мүмкіндікті Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі ұсынады. Осы жүйе бойынша кез келген адам өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда не шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу үшін оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Білім беру депозитіне банктен пайыздар (бағдарламаға бірнеше банк қатысады – кез келгенін таңдауға болады, олардың барлығы Заңның МБЖЖ-ға қатысу үшін екінші деңгейдегі банкттерге қойылатын талаптарына сәйкес келеді), оған қосажыл сайын 5% немесе әлеуметтік әлсіз санаттағылар үшін  7% Мемлекет сыйлықақысы үстемеленеді.
Есептеулерге сәйкес, ай сайын осындай білім беру салымдарына 15 мың теңгеден салып отырса, 7 жылдың ішінде 2,2 млн.теңгеден астам қаражат жинақтауға болады, бұл Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында оқу үшін жеткілікті. Бүгінгі таңда тіркелген білім беру салымдарының саны 20 000-нан асады.
МБЖЖ-ның артықшылықтары көп, ол барлық қазақстандықтарға басты байлығымыз – балаларымыздың болашағына деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесуге бағытталған және олардың алдында лайықты білім алуға жол ашады.Табыстылықтың берік іргетасы ертең емес, бүгін, қазір қаланады. Әрине, барлығын алдын ала қарастырып қою және жоспарлау мүмкін емес, әйтсе де қолымыздан келгенді істеуге тырысып көру керек!
"AQYL" БІЛІМ БЕРУ ДЕПОЗИТІН АШЫҢЫЗ – БАЛАҢЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҢЫЗ!
27 наурыз 2020 ж. 261 0