Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланың болашағына пайдалы салым жасау

Баланың болашағына пайдалы салым жасау


Бүгін әрқайсысымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын төлеу мәселесін соңғы сәтке қалдырады, сол сәтте БАНКТЕН ТИІМСІЗ КРЕДИТ НЕ БІРЕУДЕН ҚАРЫЗ АЛУ соңғы шешім болып көрінеді.
Осы ретте ақшаны жоспарлы түрде жинақтау – үйде, банк ұяшықтарында және әртүрлі депозиттерде жинау бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдарының бірі болуы мүмкін.
Депозиттер нарығында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан жыл сайын ақшалай көтермеленуінің арқасында ең тиімді қаржы құралы болып табылады.
«AQYL» білім беру депозиттері бұл:
1.Мемлекеттен жыл сайын ақшалай сыйлықақы алу
«AQYL» білім беру депозитіне банктің сыйақысынан бөлек жинақталған сомадан 5-7 % мөлшерінде ақша түрінде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Осылайша мемлекеттің қолдауымен оқуға шығындарды едәуір азайтып, отбасылық бюджетке түсетін салмақты біршама жеңілдетуге, сәйкесінше болашақта кепілді түрде баланы оқытуға болады.
2. Салымдардың кепілдендірілуі
«AQYL» білім беру депозиті 10 млн.теңгеге дейінгі сомаға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Осылайша, білім беру депозиттері толықтай қорғалған.
3. Өндіру шараларынан қорғалуы
«AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан, әрі үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір өндіріп алудан қорғалған.
Сондықтан білім беру депозиттері толық қорғалған.
4. Салымдардың мерзімділігін өз бетінше белгілеу мүмкіндігі
Салымшы ашылған депозитке жасалатын жарналардың мөлшері мен олардың жиілігін отбасылық бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай өзі белгілейді. «AQYL» білім беру депозиттерін кассалар, Nur&Pay интернет-банкинг арқылы, сондай-ақ картадан жинақтау шотына аудару арқылы толтыруға болады. Бұл салымшыға өте ыңғайлы, әрі бірталай уақытты үнемдейді.
5. Оқу орнын таңдауға шектеу қойылмайды.
6. Жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ.
Білім беру депозитенде кез келген адам қаражат жинақтай алады. «AQYL» білім беру депозитін ай сайын 2-5 мың теңгеден балаға ғана емес, өз атыңа да ашуға болады. Осылай, ЖОО- ға немесе колледжге оқуға тапсыратын кезде біршама қомақты сома жиналады. Бүгінде 20 мыңға жуық білім беру депозиті ашылды.
Жауапкершілік жүгінен арыл! Балаңның болашағын қазірден ойла! Көштен қалма!
Депозит ашуға талабы:
•Егер өз атыңызға ашсаңыз: жеке куәлік;
•Егер баланың атына ашсаңыз: ата-аналардың жеке куәліктер және баланың туу туралы куәлігі
Бұл құжаттармен Нұрбанк, Цеснабанк, Қазақстан Халық банкі, ВТБ Банк банктерге өңдеу.
Қосымша ақпарат: depozit.fincenter.kzfincenter.kz, 8 800 080 28 28 (хабарласу тегін).
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ

04 ақпан 2019 ж. 950 0