Иммунитетіңіз әлсірегенде пайдаланатын тағамдар

1. Сұлы
Бір стақан тазаланбаған сұлы мен 2 ас қасық итмұрын түйінін қайнатып, 1,5 литрлік термосқа құйып, бір түнге қалдырыңыз. Кейін жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішіңіз. Емделуге шамамен бір ай жеткілікті. Содан соң міндетті түрде үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Итмұрынмен бірге алма, алмұрт, шетен, өрік, жүзім секілді кептірілген жемістерді салып ішуге болады.
2. Асқабақ
300-400 гр асқабақ мәйегін үлкен үккіштен өткізіп, 300 г бал қосып, 2-3 лимон шырынымен араластырып, тоңазытқышқа сақтаңыз. Содан кейін күн сайын таңертең аш қарынға бір ас қасықтан тұтыныңыз.
3. Шетен
Бір уыс балғын немесе екі құрғақ шетен жемісін жуып, еттурағыштан өткізіңіз. 1 ас қасық езбені 2 ас қасық ұнтақталған мүкжидекпен араластырып, 5 ас қасық бал мен қызылша және сарымсақ шырынын құйып, 2 апта қараңғы жерде ұстаңыз. Содан соң бір айдай күніне 2-3 рет тамаққа дейін бір ас қасық ішіңіз.
4. Толғақшөп
2 шай қасық толғақшөпті 250 мл қайнаған суға салып, отқа қойып демдеу керек. Кейін үгітілген балауыз қосып, жақсылап араластырғаныңыз абзал. Қоспа суыған соң сүзгіден өткізіп, 250 мл-ден күніне 3 мезгіл тамақтанардан бір сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы – 5 күн. 1 жылдан кейін қайталауға болады.
5. Жанжабіл
Жанжабіл тамырының кішкентай үзіндісін (6-8 cм) үккіштен өткізіп, 1 л ыстық су құйып, қабығымен бірге ұсақ туралған лимон және бал қосып, күніне 3 мәрте 250 мл тұтыныңыз.
Ғаламтор көзінен алынды