Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ыдыстар атаулары

Ұлттық ыдыстар атаулары

САПТЫАЯҚ – қымыз құюға, сапыруға арнплған сабы бар аяқ тəрізді шұңғыл ағаш ыдыс. Саптаяқ деп аталуы да сондықтан. Қымызды сапыруға бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға ыңғайлы. Саптаяқты дөңгелек те, сопақшалап та əдемілеп, безендіріп жасайды. Ыдыс атына лайық жасалған.
САПТАЯҚ
Қарынсау, қара тегештей,
Қара қоңыр саптаяқ.
Дөңгелек қарын, кемештеу,
Ақжем ернеу, ақ қабақ.

Шығыршығы шыңғырлап,
Айнымайды арбыздан,
Тау суындай сылдырап,
Құйылса қымыз құндыздан.

Бауырдай қатық балбырап,
Қоймалжың қою құйып құрт,
Жұмып көзді жұтқанмын,
Мөлтілдетіп малып мұрт.

Қабаққа біткен қайыңның,
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей - ақ аюудың
Əкемнен қалған көз еді.
(І. Жансүгіров)
АЯҚ – ағаштан ойылып жасалатын ас құйылатын, сыйымдылығы 1 литрдей шұңғыл, дөңгелек ыдыс. Оның орнықты түбі, жиегі тік, жұқа болады. Көбінесе қымыз, шұбат құйылып, сыйлы кісілерге ұсынады. Сыртын оюлар түрлі- түсті сырмен сырлайды. Балаларға лайық шағын түрін "тостаған" дейді.
ОЖАУ – шарадағы қымызды сапыру, аяққа құю үшін қолданылады. Мұны да əсемдеп, өрнектеп, ұзын сапты етіп тұтас ағаштан ойып жасайды. Сабын қолға ұстауға ыңғайлы етіп, бунақтап, қосарлап, өрнектеп əсемдейді. Кей өңірлерде оның сабы қысқа, тіке жасалатын үлгілері де бар. Оны "саптаяқ" деп те атайды.

Ғаламтор көзінен алынды 
19 қаңтар 2020 ж. 3 517 0