Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Басыңа күн туғанда мыналарды ұмытпаған жөн

Басыңа күн туғанда мыналарды ұмытпаған жөн


1. Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма;

2. Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырылма;

3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;

4. Тіл - кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;

5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма;

6. Өзіңді зор, басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма;

7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма;

8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың - малыңнан айырылма;

9. Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма;

10. Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң - қосыңнан айырылма;

11. Пенде жан серігі - бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма;

12. Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

© Бауыржан Момышұлы
03 қаңтар 2020 ж. 669 0