Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Психолог – жарқын өзгерістің іргетасын қалаушы

Психолог – жарқын өзгерістің іргетасын қалаушы

Бүгін – Халықаралық психологтар күні. Адам өмірінде психикалық денсаулық та физикалық денсаулық сияқты өте маңызды болып табылады.

Психикалық денсаулық пен физикалық денсаулық өте тығыз байланыста. Қазіргі таңда емдеу мекемелерінде, білім беру ошақтарында психолог мамандар қызмет етеді. Олар адам баласының бастан кешіретін сезімдерін ұғынуға және хал-жағдайды жақсы жаққа қарай өзгертуге көмектеседі.

Жас ұрпақтың тәрбиесінің қалыптасуы отбасындағы тәрбие негізінде іске асырылып, мектеп тәрбиесімен ұштасады.

"Егер балаға сенім артса, өзін сыйлауды және бағалауды үйренеді.

Егер бала шындықта өмір сүрсе, әділетті, шыншыл болады.

Егер бала қауіпсіз ортада өссе, адамдарға сеніммен қарайды.

Егер баланы ынталандырып отырса, ол өзіне және өз болашағына сенуді үйренеді.

Егер баланы мадақтаса, ол парасатты болып қалыптасады.

Егер бала сабырлы ортада өмір сүрсе, ол өзгелерді қабылдай алатын болады.

Егер балаға күлетін болса, ол тұйық болып қалады.

Егер бала қыспақта өмір сүрсе, өзін кінәлі санайды.

Егер балаға үнемі мысқылдайтын болса, ол жек көруді үйренеді.

Егер бала өшпенділікте өмір сүрсе, ашушаң әрі агрессияға жақын болады.

Егер бала түсіністік пен достықта өмір сүрсе, ол осы әлемнен махаббат таба білуді үйренеді". Бұл психологтардың пайымы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында: «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек,» – деп атап көрсетті.

Тұлға бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, шындық өмірде кездесетін қандай да болмасын жағдаяттардан шығудың жолын өзі іздеп тауып, алған білімін, білік – дағдысын нағыз қайнаған өмірмен тез ұштастырып кете алатын мүмкіндігі мол, өзіне сенімді жеке тұлғаның іргетасын қалау психолог жетістігі.
25 желтоқсан 2019 ж. 1 186 0