Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аюдың бұзақы әрекеті

Аюдың бұзақы әрекеті

Бiр бұзақы жас аю өткен-кеткендi соқ­тықпай құр жiбермейтiн болыпты. Сол өңiрдегi тәртiпсiздiктiң бәрi соның атымен байланысты бола бергесiн үлкен аю оған кеп: - Балам, саған тентектiгiңдi қой демеймiн.
Бiрақ сен былай жасап көршi, бүгiннен бастап сен жұртқа жақсылық жаса да, әр жасаған жақсылығыңның есебi ретiнде бiр тастан қапшыққа салып отыр. Қапшық тасқа толғанда маған көрсет. Жарай ма? - дейдi.
«Оның қиын несi бар?» деп ойлаған бұзақы аю келiсе кетедi. Сонымен жас аю жақсылық жасап, қапшықты тез толтырып, үлкен кiсiден құтылғысы келедi. Ал, бұзықтықты сосын-ақ үлгередi...
Сонымен бiр ай уақыт өткенде, қапшық та толады. Бұзақы аю үлкеннiң алдындағы мiндетiн, уәдесiн аман-есен орындап, ендi өзiнiң «сүйiктi iсiмен» айналысайын десе жамандық жасай алмай қалыпты. Бiр ай бойы тек жақсылық жасаумен болған кiсi жамандықты жатырқайды екен.
Рамазанда өзiн терiс iстерден тыйған әр адам имандылыққа бiр табан болса да жақындайтын көрiнедi.


Авторы: Пернегүл Үсенова
02 желтоқсан 2019 ж. 912 0