Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Ұсынып отырған сұйық сабынның дайындалу әдісі өте қарапайым. Алайда, сабынды өз қолыңызбен жасап көрген соң, оның қауіпсіз екеніне толықтай сенімді боласыз. Құрамында қажетсіз иістендіргіштердің жоқ екеніне көзіңіз жетеді.
Оны жасау үшін бізге:
- сабынның кішкене бөлігі немесе қалдығы;
- 1 стақан ыстық су;
- 1 ас қасық бал;
- 1 ас қасық глицерин;
- өзіңіздің қалауыңызша бірнеше ас қасық эфир майы;
- 1/3 стақан суық су;
- блендер қажет болады.
Дайындалуы:
1. Сабынды үккіштен өткізіп, ыстық суға салыңыз. Қоспаны блендердің көмегімен араластырыңыз.
2. Үстіне бал, глицерин, эфир майын қосып, тағы да бір рет блендердің көмегімен араластырыңыз.
3. Арада 15 минут өткен соң үстіне суық су қосып, жоғарыдағы әрекетті қайталаңыз.
4. Дайын болған қоспаны мөлшерлеуішке құйыңыз. Осымен сұйық сабынымыз дайын.
02 желтоқсан 2019 ж. 1 149 0