Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің Президентім...

Менің Президентім...

Қаншама хандар өткен,
Өз елін заңғар еткен.
Қаншама патша болды
кеңес құрған,
Алдынан асу-асу белес туған.

Бәрі де халқын ойлап бас қатырды,
Көзіне оңашада жас та тұнды.
Патша боп өз-өзіне сенгендері,
Тарихқа енді қолынан келгендері.
Сынға алар тарихты бір күн жетті,
Қолынан келмегені құрдым кетті.

Қарапайым, кәдімгі таза жұрты,
Уақытпен ыдырап аза бұлтты,
Патшалық та, халық та кейін қалды.
Сақталды Қазақ халқы, қазақ ұлты.
Тілек тілеп еліме батса күнім,
Уақыт уысынан ақса күнім,
Сол қазақ ұлтымен құрған бірге,
Тәуелсіздік дәуірі патшалығын.

Кең далам – кең жамылып
төрге асып ең.
Алатау биіктеді өр басымен,
Тәуелсіздік дәуірі бірге келді,
Президентім!
Қазақтың Елбасымен!
Тәуелсіздік нұр шашқан
таң да жетті,
Аспан-жер!
Екі арасын жалға көкті,
Менің Президентім!
Әуелі Қазағыма көшбасшы боп,
Орта Азиям!
Қастерлеп мәртебе етті.

Орта Азиям!
Қазағым – туған жерім!
Орта Азиям! Қазағым – туған елім,
Біздің ұлы тұғырымыз – Қазақ елі,
Одан соң Орта Азиям – күллі әлемім!

Қазақтың абыройын асқақ етті,
Сарыарқа, Астанамды бас қала етті!
Менің Президентім
түркі әлемі үшін де
Ордалы Түркістанды – Астана етті!

Тәңірімнің шашқан
бір нұр таңы еді,
Жер еді, киесі бар, бір кәделі,
Орта Азиядан басталған
түркі әлемі!..
Жасай бер, Қазақ Елі,
Президентім!

Шөмішбай САРИЕВ,
ақын
30 қараша 2019 ж. 632 0