Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйқыңыз қанбаған күндері сергек жүру үшін...

Ұйқыңыз қанбаған күндері сергек жүру үшін...

Ұйқымыз қанбаған күндері дел-сал болып, денемізді ауыр нәрсе басып тұрғандай сезімде боламыз. Бірақ ұйқы қанбаса да, денені сергек етудің жолдары бар екен.
Салқын сумен жуыну. Бұл тәсіл ұйқыны ашуға, қанайналымды жақсартуға көмек береді. Егер толық жуынуға мүмкіндік болмаса, аяқты салқын суға салып, хош иісті сабынмен жуыңыз.
Сұйықты көп ішіңіз. Газсыз минералды су мен табиғи жеміс-жидек сусыны жақсы көмекке келмек. Егер жеміс-жидектен өз қолыңызбен сусын жасап ішсеңіз, ең дұрыс жолы сол болмақ. Үлкен стақанға су толтырып, әр 10 минут сайын 2-3 жұтым су ішіп отырыңыз. Су таза, қоспасыз болу керек.
Таңғы ас. Ұйқыңыз қанбай, орныңыздан сүйретіліп тұрған соң, күні бойы сергек жүру үшін таңғы асты жақсылап ішіп алыңыз. Сүт қосылған ботқа, жеміс-жидек жеңіз. Бірақ тойып жемеңіз. Бұндай кездері таңғы асты тойып ішсеңіз, қайтадан төсекке құлағыңыз келіп тұрады.
Таза ауада жаяу жүріңіз. Таза ауада серуендеген бәрінен жақсы. Жаяу жүріп, таза ауаны терең жұтыңыз. Бірнеше рет жаттығу жасап жіберсеңіз де, артық етпейді.
21 қараша 2019 ж. 386 0