Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Антибиотиктерді қалай қолдану керек?

Антибиотиктерді қалай қолдану керек?

Бүгінгі күні антибиотиктерге қауіп төнуде: ұтымсыз және дұрыс қолданбау нәтижесінде олар тиімсіз болуы мүмкін. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда антибиотиктерді қабылдаудың еш қажеттілігі жоқ, – дейді Сырдария Сөсқо мамандары.

Антибиотикті қабылдаудан бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

Антибиотиктерді қалай қолдану керек?

Ең бастысы кез келген дәрі-дәрмектің нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Дәрілер аса әсерлі нәтиже беру үшін бірнеше ерекше кеңеске құлақ түрейік:

1. Антибиотиктер курсын бітіргеннен кейін міндетті түрде бифидо және лактобактериялық курстан өтіңіз. Ол ішектің пайдалы микрофлорасын қалпына келтіріп, дисбактериоздан құтқарады.

2. Антибиотиктерді ішімдікпен бірге қолдануға болмайды. Біріншіден, ол антибиотиктермен қатар тұрғанда жанама әсерлер беруі мүмкін. Екіншіден, бауырға қосымша жүктеме береді.

3. Антибиотиктер мен абсорбенттерді (мәселен, белсендірілген көмір) бірге қолдануға болмайды. Олар антибиотиктердің әсерін бірталай төмендетеді.

4. Антибиотиктерді қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектермен (мәселен, аспирин) бірге қолдануға болмайды. Бұл қан кету қатерін арттырады.

5. Антибиотиктерге төзімділікті даму қаупінен сақтану мақсатында дәрілерді қолдану және мөлшерлеу тәртібін қатаң ұстану қажет.
21 қараша 2019 ж. 863 0