Кір сабын қаншалықты пайдалы?
Кір сабынның құрамы өзгеріссіз сақталып келе жатқанына 200 жылдан асты.
Оған ешқандай зиянды химиялық қоспа қосылмайды. Сол себепті оны шаруашылықта ғана емес, косметикада да, профилактикада да, тіпті емдеу мақсатында да қолдануға болады. Бұл мәліметті massaget.kz ұсынады.
Оның құрамындағы май қышқылы пайыздық көрсеткішпен штамп болып басылады. Бұл сан қаншалықты көп болса, тазарту қасиеті де басым деген сөз.
Кір сабын микробиологиялық-антисептикалық қасиетке ие. Сондықтаны оны жарақат орнына, дене күйіп қалғанда, жәндік шағып алған жағдайларда зарарсыздандыру мақсатында қолдануға болады.
Кір сабынның зарарсыздандыру қасиеті мұрын бітуіне де қарсы тұрады. Мақта тампонды сабын ерітіндісіне батырып, мұрынды тазалау қажет. Алғашында аздап ашытады, 1-2 рет қайталағаннан кейін мұрын бітуі тоқтап, біразға дейін мазаламайды.
Тіпті оны бас жууда да пайдаланады. Сабынды үккішпен үгітіп, үстіне 1 литр су және 2 ас қасық сірке суын (уксус) құйып, осы қоспамен басыңызды аптасына бір рет жусаңыз, қайызғақтан құтыласыз және шашыңыз жақсы өседі, түсуі азаяды.
Бетке безеу шықса, кір сабын теріні жақсылап тазалап, артық майдан арылтып, тіндегі зат алмасу процесін арттырады. Аптасына бір бетіңізді кір сабынмен жусаңыз жеткілікті. Көп күттірмей, нәтижесі таңдандырады. Қырынғаннан кейін де кір сабын теріге жақсы әсер етеді.