Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсан айындағы демалыс күндер

Желтоқсан айындағы демалыс күндер

Жылдың соңғы айында екі мереке бар. 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні, 16 және 17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді, – деп хабарлайды sputniknews.kz

Желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.
  
1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.

Ал 16 және 17 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр. Осы екі күнді қосқанда, 4 күн қатарынан демалыс болады – 14, 15, 16, 17 желтоқсан.


04 қараша 2019 ж. 936 0