Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Лимонның косметикадағы пайдасы қандай?

Лимонның косметикадағы пайдасы қандай?

Біз лимонды күнделікті тірлігімізде тамаққа пайдаланып, коктейльге қосамыз. Ол сондай-ақ косметикалық құрал да. Осыған байланысты бірнеше кеңесті назарларыңызға ұсынамыз.
Таза лимон шырынымен беттің және қолдың терісін сүртеді. Ол дақты кетіруге көмектеседі;
Егер лимонның шырынын өкшеге, тізеге, шынтаққа жақсаңыз, қатайған теріні кетіру анағұрлым жеңілдейді;
Қолдың терісін жұмсарту үшін иіссу мен косметика сүтін араластырып, ұйықтар алдында қолға жағып жату керек. Бірінші күні-ақ қолыңыз жұп-жұмсақ болып шыға келеді;
Егер қолыңыз жарылып кетсе, теріңіз қатайса, жетісіне бір рет мына процедураларды жасау керек: екі ас қасық толы лимон шырынын, төрт ас қасық толы құрғақ сүт және алты ас қасық толы ұн (сұлы, бидай, күріш, арпа ұны) қосып жасалған қоспаға қолыңызды он минут батырып отыру керек;
Маникюр жасар алдында саусақтарды батыратын жылы суға кішкене ғана лимон шырынын қосса, тері жұмсарып жақсы алынады;
Егер тырнақтарыңыз жиі сынғыш болса, лимон шырыны мен зәйтүн майын қосып жасаған сұйық затпен массаж жасау керек;
Жұмыртқа мен лимоннан жасалған маска шашқа өте пайдалы: екі жұмыртқаның сарысын алып, оған жарты лимонның шырынын араластырып, бар болса бірнеше тамшы қосуға болады. Осыны жуылған шашқа жетісіне екі рет жағады. Жылы сумен шайқағаннан кейін аздаған сусабынмен жуса, шаш жұмсарады, өңі ашылып, түсуі тоқталады;
Лимонның таза шырынымен аяққа массаж жасау керек. Содан кейін суға салып, оған лимонның шырынын қосады. Су әбден суығаннан кейін таза сумен аяқт жуу керек. Мұндай процедура өте пайдалы. Аяқтың қан айналысын жақсартып, шаршағанын басады.
30 қазан 2019 ж. 655 0