Аяғы ауыр әйелдерге қатысты ырымдар

Аяғы ауыр әйелдерге қатысты түрлі белгілер мен тыйымдар қай елде болса да жетіп артылады.
Осыған орай, ел арасында кеңінен таралғандарын оқырман назарына ұсынбақпыз.
- Егер жүкті әйел толып, салмақ жинай бастаса қыз бала туылады деген сөз.
- Іш көріне бастағанға дейін күйеуінен басқа ешкімге жүктілік жөнінде тіс жармау керек.
- Тік шыққан іш - ұл, жалпақтау формалы болса - қыз бала.
- Сәбидің алғашқы қозғалысы оң жақ белдің маңында орын алса, ұл туылады. Ал сол жақ бел болса, қыз бала дүниеге келмек.
- Егер жүкті әйелдің оң жақ төсі сол жаққа қарағанда үлкенірек болса, ұл туылмақ.
- Баланың атын туылғанға дейін жария етуге болмайды. Оған зияны тимек.
- Туылмаған балаға алдын ала киім дайындауға болмайды.
- Соңғы айларында әйел адамға мысыққа жақындамау керек. Сол кезде баланың жаулары аз болады.
- Екіқабат келіншектерге күміс не алтын алқа тақпаған жөн.
- Аяғы ауыр аруларға кіре берісте отыруға тыйым салынады.
- Екіқабат әйелдің қалауын үнемі орындау керек. Әйтпесе босану қиынға түспек.
- Әйел адам жаман нәрселер мен ұсқынсыз көріністерден аулақ болу керек. Әдемі заттарды көп қарайтын келіншектердің сәбилері де сұлу әрі бақытты болады деседі.
- Жүкті әйелдерге қолөнермен айналысуға болмайды.