Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Халық назарына ілікккен Томирис қазақша сөйлей бастады

Халық назарына ілікккен Томирис қазақша сөйлей бастады

Жақында ғана көрерменге ұсынылған "Томирис" тарихи туындысының қазақша нұсқасы кинотеатр экрандарына жол тартты, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
 Мұндай ақпаратты фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Достар, бүгіннен бастап, "Томирис" фильміміздің толық қазақша нұсқасын біздің "Меломан" дистрибьютор компаниямыз кинотеатрларға тарата бастады. Киномыздың қазақша нұсқасын күтіп қалғандарыңыз үшін, шын жүрегімізден кешірім сұраймыз!", - деді режиссер.

Айта кетсек, бұған дейін кинотеатрлардан тарихи туындының қазақша нұсқасы көрсетілмеуі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.
Кейінірек, Ақан Сатаев фильмнің қазақша нұсқасы барын, титрларды латын әліпбиімен жазғандықтан бірнеше грамматикалық қате кеткенін, оның тез арада түзетілетінін айтқан болатын.



02 қазан 2019 ж. 704 0