Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлу болып жүргіңіз келсе...

Сұлу болып жүргіңіз келсе...

Әрбір қыз білуі тиіс сұлулық жайлы 101 лайфхакты boz.kz ұсынады.

Сұлулық әлемді құтқарады! Ал әйел сұлулығын пайдалы кеңестер құтқарады. Күтінуге арналған көптеген кеңестер бар. Сол себепті біз осындай кеңестердің арасынан ең жақсы дегендерін оқырмандарымыз үшін арнайы жинақтадық. Beauty-әлеміне жек көрінушілікпен қарайтын жандарға біздің әлемге енуге рұқсат жоқ!

Ең бастысы – табиғатынан сұлу болып көріну! Алайда мұндай сұлулық үшін көп мөлшерде косметика қолдануға тура келеді.

Бет
1. Бет әлпетіңізді мезгілдің өзгеруіне байланысты күту қажет. Қыс мезгілінде жақсы ылғалдындыратын өнімдерді, ал жаз мезгілінде SPF-фильтрлі құралдарын қолдану қажет.

2. Жазда косметиканы аз қолданыңыз. Жеңіл әрі ылғалдандырушы тоналка немесе BB-кремді жағуға тырысыңыз.

3. Крем, маска және басқа да құралдарды бет терісіне массаж сызықтары арқылы жаққан жөн. Себебі бет әлпетіңіз екі түрлі әсер алады: күтім + массаж.

4. Безеуді сығуға болмайды. Себебі оны сыққан сайын оның бет терісіндегі орны ерекше байқалады.

5. Егер бет терісіне қатты байқалатын қызыл безеу шықса, байбалам салудың қажеті жоқ. Мақталы дискті көзге (қызаруын басатын) арналған тамшымен сулап, оны мұздатқышқа 3–5 минутқа қойыңыз. Мұздатқыштан алғаннан кейін, бет терісіндегі қызарған аймаққа дискті басыңыз. Нәтижесінде безеудің бар екені аса байқала қоймайды.

6. Безеуді жасыру үшін тіс пастасын да қолдануға болады. Бөртіп тұрған аймаққа тіс пастасын жағып, оны кептіріңіз. Нәтижесінде безеу бозарып кетеді.

7. Бронзер, хайлайтер және еңлікті (румяна) көп жағудан аулақ болыңыз. Оларды аз мөлшерде жақсаңыз, дұрыс көрінеді. Әйтпесе, қуыршаққа ұқсап кетуіңіз әбден мүмкін.

8. Тоналды кремнің ең жақсы реңк түрін таңдау үшін, кремді иек сызығына жағып, күндізгі жарық түсіп тұрған кезде, қай түрі сіздің бет әлпетіңізге келетінін анықтап алыңыз.

9. Бет әлпетіңізге тоналды кремді жаға отыра, оны мойныңызға да жағуды ұмытпаңыз.

10. Мынаны еске сақтап алыңыз: алдымен тоналды крем, сосын корректор жағу қажет. Керісінше жасауға болмайды.

11. Көздің астындағы дақты жасыру үшін, корректордың көмегімен үшбұрыш сызып, оны ақырындап жағыңыз.

Көздің астына корректорды қалай дұрыс жағу керек

12. Консилердің көмегімен бет терісіндегі ғана бөрткенді емес, сонымен қатар денедегі бөрткенді де жасыруға болады. Мәселен, үлкен қиығы бар декольте киген кезде, кеуде тұсындағы бөрткенге корректор жағып, оған біршама опа жағыңыз.

13. Бет сүйегіңізді сырт көзге көтеріңкі қылып көрсеткіңіз келсе, оған хайлайтер жағып, ал астыңғы бөлігіне бронзер жағыңыз.

14. Бір асхана қасығы өлшемімен даршын + бір асхана қасығы өлшемімен какао + бір асхана қасығы өлшемімен жұпар жаңғағы + екі шай қасығы өлшемімен жүгері крахмалы = қолдан жасалынған бронзер.


Бұл бронзерді денеге де жағуға болады

15. Сұқ саусақты және ортаңғы саусақты мұрыннан бүйір жаққа қою арқылы, еңлік жағылуы тиіс нүктені анықтаңыз.

16. Косметика көмегіне жүгінбей-ақ, бет әлпетіңізді жандандырып, сәл реңк бергіңіз келсе, бет сүйегіңізді жай ғана шымшылап қойыңыз.

17. Егер теріңіз құрғақ болса, еңлік және опа кремін қолданыңыз.

18. Егер сізде еңлік болмаса, оның орнына ерін далабын қолдансаңыз болады. Далапты алдымен қолыңызға, сосын бояу жаққышқа немесе спонжға жағыңыз.

19. Егер бетіңізден майлы жылтырды өшіріп, макияжды жөндеу қажет болса, және қолыңызда опа болмаған жағдайда, балаға арналған сеппені немесе талькті қолдануға болады.

20. Макияжды сүртуге арналған құралдар (сүтше (молочко), миццелярлы су және т.б.) шаш бояу кезінде маңдайға немесе құлаққа тиіп кеткен бояуды жақсы кетіреді.

21. Теріні күту керек. Макияжды түнде емес, үйге келгеннен соң бірден өшіру қажет.

Көз

22. Егер көзіңіздің астындағы күңгірт дақты жасырғыңыз келсе, көзіңіздің астына ши майын тамызып жағыңыз.

23. Пигментпен аз боялған көзге арналған далапты макияж негізіне жағатын болса, ол сәнді болып көрінеді. Мәселен, түсі күңгірттеу ақ қарындашты қолдануға болады.

Ақ қарындашты далапты жағар алдындағы негіз ретінде қолданыңыз

24. Егер опа сіздің бет теріңіздің түсіне сай келмесе, оны далап ретінде қолданыңыз.

25. Далаптың орнына қарындаш қолдануға болады: бірнеше жіңішке сызықтар сызып қарайтыңыз.


Осындай тор үлгісіндегі суретті салып оны қарайтыңыз

26. Шиммерді көздің қырына жағу арқылы көзді жарқыратып әдемі қылуға болады.

27. Қасқа арналған гельді күнделікті қолданылатын заттармен алмастыруға болады. Мысалы, шашқа арналған гель. Гельді қылшаққа (щеточка), сосын қасқа жағыңыз.

28. Хайлайтерді қастың астына және үстіне жағу арқылы бет әлпетіңіз әдемі бола түседі.

29. Тушьтан қалған қылшақты лақтырмай одан әрі қолдансаңыз болады. Оны жуып жіберіп, қасты тарауға пайдаланыңыз.

30. Қиғаш жаққыш қарындашты қарапайым әдісті қолдану арқылы мықты гель қарындашқа айналдыруға болады. Қарындаштың ұшын отқа (шақпақ немесе май шам) бірнеше секунд тигізіп тұрыңыз.



Бірнеше секундтан кейін қарындаштың ұшы жұмсағырақ әрі ашығырақ болады

31. Көзге арналған сұйық сүрме бітіп қалса, боянудың басқа амалын табуға болады! Ол үшін қиғаш жаққыш пен тушьтің көмегімен сызық салыңыз.

32. Көздің қызарғанын жасырғыңыз келсе, ақ қарындашты сулы сызықпен жүргізіп өтіңіз.

33. Сулы сызықтағы көгілдір түсті сүрме сұр түсті көздің тұнықтығын ерекше етіп көрсетеді. Ал көк-жасыл түсті сүрмені көкшіл түсті көзге жағу арқылы оған жасыл реңк беруге болады.

34. Сызық салуды білмесеңіз, қасықтың көмегіне жүгініңіз!

Шай қасығының көмегімен сызықты түзу қылып салуға болады

35. Сызық қисық болып салынса, оны өшіруге асықпаңыз. Қиғаш жаққыш пен консилердің көмегі арқылы оны қайта қалпына келтіріңіз.

Корректор сызықты түзу қылуға көмектеседі

36. Гель жаққышын тек миццелярлы судың көмегімен ғана емес, сонымен қатар зәйтүн майының көмегімен де өшіруге болады.

37. Бір қабат тушь + ұнтақталған опа + екі қабат тушь = ұзын әрі әдемі кірпік

38. Көзіңіз үлкен, ал бет әлпетіңіз кең болып көрінгенін қалайсызба? Ондай жағдайда кірпікті самайға қарай емес, мұрынға қарай бояу қажет.

39. Кірпікті бояп жатқан кезде, тушьті қабағыңыздың немесе көздің астындағы теріге жағып алсаңыз, бірден мақталы таяқша немесе дискпен оны сүрте жөнелмеңіз. Тушьтің кепкенін күте тұрып, оны қасқа арналған жаққышпен қағып кетіре аласыз.

40. Қолданылмайтын ескі кредитка немесе визитка да қыздарға көмекші бола алады. Карточканы сәл тіреп, кірпігіңізді емін-еркін жақсылап бояңыз.

41. Кірпіктегі түйір – жаман тушьтың белгісі емес. Бұл қылшақта (щеткада) көп тушь жағылған деген сөз. Сондықтан оны тазалап алып, кірпікті бояу керек.

42. Егер сіз кішкентай қысқаштарды кірпікті бұйралау үшін қолдансаңыз, онда оларды ыстық фен астына жылытыңыз. Нәтижесінде, кірпік бұйралана түседі.

43. Желімді жасанды кірпікке түзу қылып жағу үшін, шаш түйреуішін (ұшын) қолданыңыз.



Шаш түйреуіші желімді түзу қылып жағуға көмектеседі

44. Cіздің көп қолданатын тушь бітейін деп қалып, оны лақтыруға көңіліңіз қимай тұрса, сықпадан (тюбик) резеңке-мөлшерлемені шешіп алыңыз. Енді тушьты тағы біраз қолдансаңыз болады.

45. Егер кеуіп қалған тушьты қайта «тірілткіңіз» келсе, оны ыстық суда бес минут ұстаңыз.

5 минуттан кейін тушь сізге қайта қызмет етеді

46. Тушьты қайта «тірілтуге» физ.ерітіндісі де көмектеседі.

Ерін
47. Ерінге арналған жеңіл скраб. Тісіңізді тазалап жатып, ерінді де тазалап жіберіңіз. Еріннің жарылған бөліктері түсіп қалады. Ал ментол қан айналымын жақсартады.

48. Ерін далабы тіске тимес үшін, ерніңізбен сұқ саусақты қысып тұрып, ақырын ғана оны сыртқа шығарыңыз.

Ерін далабының артығы саусаққа жағылып қалады

49. Ерін пішінін дұрыстап бояғыңыз келеме? Алдымен еріннің жоғарғы бөлігіне «крестик» («Х») салып, еріннің ұштарына бұрыш сызып оларды бір-бірімен байланыстырыңыз.

Крестик салудан бастаңыз

50. Егер еріннің пішіні айқын болсын десеңіз, ерін далабын жаққышпен қолданыңыз. Ал егер көлемді болсын десеңіз, саусақпен бояңыз.

51. Ерінді боямас бұрын, ерін пішініне тоналды крем жағып, еріннің жоғарғы бөлігіндегі ойысына біраз хайлайтер жағыңыз. Сырт көзге ерніңіз үлкен болып көрінеді.

Ботокс қолданбай-ақ ерінді үлкен етуге болады

52. Ерінді сырт көзге үлкен қылып көрсетудің тағы бір тәсілі – еріннің орта бөлігіне ашық перламутр түсті далап (тень) жағу.

53. Ерін далабы көп уақытқа дейін сақталсын десеңіз, ерінді бояған соң оған жұқа қағаз майлық жабыстырып, сыртынан ұнтақталған опа себіңіз.

Бұл тәсілді қолдану арқылы ұзаққа дейін ерінді боямауға болады

54. Бағасы қымбат ерін далабыңыз сынып қалдыма? Мұңаймаңыз! Туба ұшын оттықпен ысытып, оны сынып қалған бөлігіне жабыстырыңызда, 15-30 минутқа тоңазытқышқа қойыңыз.

55. Ерінге арналған пламперды (ерінді үлкейтетін құрал) қолыңызбен жасап алуға болады. Ол үшін ащы жалбыз майының бір тамшысын ерін жылтырағына қосыңыз.

56. Вазелин + көзге арналған ұнтақталған далап = үйде жағатын ерін жылтырағышы

Кез-келген түстегі ерін жылтырағышын жасауға болады

Шаш
57. Шашты күнде жууға болмайды. Себебі ол оның тез кірлеуіне әкеледі. Сонымен қатар бас терісін кептіріп, нәтижесінде бас тез майланады.

58. Бас терісі құрғақ және қайызғаққа толы болса, ошаған майын (кез-келген дәріханада сатылады) жағыңыз.

59. Егер шашыңыз майлануға бейім болса, кондиционерді шаштың ұшына сеппей, құлақ жақтан бастап себіңіз.

60. Шашыңызды жылтылдатқыңыз келсе, авокадодан маска жасаңыз.

61. Шашыңыз ұшталған болса, бір тұтам шашты бұралымды етіп өріп, ұшталған шашты қиып тастаңыз.

Бірнеше минуттан соң шашыңыз дұрыс қалпына келеді

62. Балаларға арналған сеппе немесе тальк — құрғақ шампунь орнына қолданыла алады.

63. Құрғақ шампуньды таңертең емес, кешке қолданыңыз. Себебі, артық ұнтақ себіліп қалып, шашыңыз көлемді болады.

64. Шаштың ұшып тұруын басу үшін сіңіріп алушы майлықты (экран сүртуге арналған майлық) қолданыңыз.

65. Шашыңызды фенмен кептірген соң, шашыңыз ұшып тұрмас үшін, шашқа арналған лакты сеуіп, тарап жіберіңіз. Жо-жоқ, лакты тараққа емес, шашқа себіңіз. Әйтпесе тарақ жапсырылған шаш болады.

66. Бірнеше бұрым шашты өріп, оны үтіктеңіз. Сосын бұрымды тарқатыңыз. Нәтижесінде, көп уақыт тіктелмейтін бұйра бұрым шаш болады!

Тек шаш бұйралауышпен ғана бұйра шаш жасауға болмайды

67. Шашыңыздың бұйралығы ұзақ сақталуы үшін, шашыңыз толық кеуіп болған соң ғана оны бұйралаңыз.

68. Шаш түйреуіштері түсіп қала беретін болса, оны тағар алдында оған шашқа арналған лакты сеуіп жіберіңіз.

69. Әтірді тараққа сеуіп, онымен шаш таралса, әтір иісі шашта ұзаққа сақталады.
Тырнақ

70. Тырнақ қабығын (кутикула) күту үшін көзге арналған кремді жағып отырыңыз. Ол тырнақ қабығын арнайы майдан кем емес күтеді.

71. Тырнақтағы лакты өшіруге арналған сұйықтық бітіп қалса, тырнағыңызға мөлдір түсті лакты жағып, оны кептірместен бірден өшіріп жіберіңіз. Нәтижесінде бұрынғы лак бірге сүртіліп кетеді.

72. Тырнаққа арналған лак кеуіп қалып, оның аузы ашылмай тұрса, ақшаға арналып тағылатын резеңкені тағып, тағы бір рет ашып көріңіз. Резеңке көмегімен лакты ұстап тұру және оны ашу да ыңғайлы болады.

Резеңке лакты ашуға көмек болады

73. Көзге қайта жаққыңыз келмейтін далапты лақтыруға асықпаңыз. Оны ұнтақтатып, мөлдір түсті лакпен араластырып жіберіңіз. Тырнақ бояйтын басқа түсті лак пайда болады.

74. Керемет француз маникюрын жасау үшін, жалпақ резеңкені пайдаланыңыз.

Жалпақ резеңке француз маникюрын жылдам әрі оңай жасауға мүмкіндік береді

75. Тырнақты бояп жатып, оның қабығы да бірге боялып кетеді. Таныс жағдай, иә? Оны тез өшіру үшін, лакты жағар алдында вазелин жағып қойыңыз.

76. Тырнақ қабығына жағылып кеткен лакты сүртудің тағы бір амалы - ПВА желімін жағу. Желімді жаққан соң жұқа пленка пайда болады. Ол пленка лакпен бірген оңай өшіріледі.

ПВА желімі тез кететін жұқа пленка жасайды

77. Тырнағыңыз сынып қалса, қам жемеңіз! Тырнақтың ұшын жылтыр лакпен бояп қойыңыз. Бұл сынықты білдіртпейді.

Дене

78. Егер денеңіздің ылғалдырақ болғанын қаласаңыз, онда денеңізге арналған лосьонмен балаларға арналған біраз нәрлі майды араластырыңыз.

79. Егер денеңіздің терісі қыста тез кеуіп қалмасын десеңіз, ыстық ванна қабылдаудан бас тартыңыз. Себебі ыстық су теріні қорғап түратын майды кетіреді. Ыстық сумен шомылудың орнына жылы суды қолданыңыз.

80. Қолға арналған кремді ыдысқа арналған сөренің ішіне қойып, ыдыс жуған сайын оны пайдаланып отырыңыз.

81. Бетіңізге жақпайтын скраб сатып алып, оны қолдана алмаған жағдайда, шынтақ және табан пилингіне арнап пайдаланыңыз.

82. Әтір иісін күні бойы сезіп жүру үшін, оны дұрыс себу қажет: білекке, құлақ төңірегіне, шынтақ бүгілген төңірекке, мойынға және тізе астына.

Әтірді қалай дұрыс себу керек

83. Пилингті «автозагар» қолданудың алдында жасаңыз.

84. Егер арнайы жасалған күнге күю тегіс болмаса, онда ысқышқа ас содасын жағып, онымен дақты сүртіңіз.

85. Пенка бітіп қалып, аяқтағы шашты тазалау керек болып тұрса, пенканың орнына шашқа арналған кондиционерды қолданыңыз.

Шашқа арналған кондиционер сізді құтқарады

86. Бадам майы + шай ағашының эфир майынан 30 тамшы + жалбыздың эфир майынан 30 тамшы = эпиляциядан кейін аяқтағы шаштың өсуін баяулатады.

87. Жаңадан алған етік аяғыңызды қажайтын болса, онда етіктің қажайтын бөлігіне антиперспирант жағыңыз. Етік құрғақтанып, аяғыңызды қажамайды.

88. Аяқтың қажалған жерін кетіру үшін, ұйықтар алдында қажалған жерге қалың етіп вазелин немесе майлы крем жағып, шұлық киіп жатыңыз. Таңға жуық аяғыңыз қажалудан тазарады.

Тұрмыс стилі
89. Таңертең айна алдында тұрып қалып, кешікпеу мақсатында, жиналуға кететін уақыт аралығына арнайы плей-лист құрыңыз. Плей-листте ойнайтын өлең ретіне дағдыланып, соңғы өлең ойнай бастаған кезде, жылдам жиналу керек екенін түсінесіз.

90. Сатып алынуы тиіс заттар тізімін жасап, косметикалық дүкендерді аралаңыз. Консультанттардың «жаңа керемет өнімін» тестілеп көруге келіспеңіз. Себебі бұл сізді босқа шығынданудан құтқарады.

91. Кез-келген жағдайда қолдануға арналған косметикалық құралдарды алуға талпынбаңыз. Апалардан алынған рецептілер сізге өз көмегін көрсетуі қажет.

92. Тюбиктер бос болып көрінуі мүмкін. Бірақ оларды кесіп жіберіп, ішінде қалған өнімді құтыға салып қойса болады. Бұл өте үнемді.

Тюбиктерді кесіп, бонус алыңыз

93. Крем немесе тіс пастасының тюбигіне шаш түйреуішті кигізіп, соңғы тамшысы шыққанша дейін қолданыңыз.

Шаш түйреуіші тюбиктегі барлық өнімді сыртқа шығаруға көмектеседі

94. Көз далабы, опа немесе еңлік бөлініп қалса, майлықты спиртке малып, сынған бөлікке тигізіңіз. Спирт кеуіп, ал өнім жаңа қалыпқа енеді.

95. Баланс сақтаңыз: Егер көзіңізді шиммермен боясаңыз, онда ерніңізді күңгірт түсті ерін далабымен бояу қажет. Және керісінше жасауға болады.

96. № 2 баланс: егер көз қатты боялса, ерінге жеңіл түсті далап боялғаны жөн. Немесе керісінше. Егер көз қатты боялмаса, онда ерінді қатты бояуға болады.

97. Жағаңызды тоналкамен былғап алдыңызба? Киімді ауыстыра жөнелмеңіз. Қырынуға арналған кремді былғанған жерге жағып, ылғалды майлықпен сүртіп жіберіңіз. Жылдам әрі тиімді.

98. Егер киімде терінің ізі қалып қойса, оны жуардың алдында біраз лимон шырынын із қалған жерге сығыңыз.

99. Макияж жасауға арналған бояғыштарды күтіп отырыңыз. Аз дегенде аптасына бір рет балаларға арналған шампуньмен оларды жуып отыру қажет.

Макияжға арналған бояғыштарды жуып отырыңыз

100. Жарты жылда бір рет косметикаңызды тексеріп, мерзімі өтіп кеткен қажет емес құралдарды лақтырыңыз.

101. Жиі күліп жүріңіз. Себебі күлкі сізді косметикасыз-ақ әдемі етеді.
16 қыркүйек 2019 ж. 1 229 0