Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қор биржасы ұлттық валютаның тағдырына қатысты болжам жасады

Қазақстанның қор биржасы ұлттық валютаның тағдырына қатысты болжам жасады

Теңге тағы да долларға жол берді. Бүгінгі сауда-саттықтың нәтижесінде ұлттық валюта АҚШ долларымен салыстырғанда 12 тиынға арзандады. Дүйсенбіде шетелдік валютаның орташа құны 378 теңге 78 тиынды құрады. Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы қазақстандық теңге баға бойынша 15,5 пайыз жоғалтқан. Бүгінгі күні Қазақстан қор биржасында 2018 жылдың қорытындысы шығарылды. Экономистер курстың қалай қалыптасқанын және алда не күтетіндігін айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бүгін KASE-дағы болжамдармен бөлісті. Дегенмен, оларды құрастырудың жақсы жұмыс емес екендігі бұрыннан белгілі. Себебі, бәрі де күрт өзгеруі мүмкін. Қазақстандық қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары экономистермен сөйлесіп, доллардың осы жылы қанша теңгеге дейін көтеріле алатынын білді.

«Соңғы үш ай бойы әртүрлі сарапшылардан теңгенің тағдырына қатысты болжамдарын сұрап шықтым. Шын мәнінде, бұл факт тіпті мені біраз таңғалдырады, алайда бірде-бір адам доллардың айырбас бағамын бір доллар үшін 407-410 теңгеден артық көрмейді»,- дейді «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Көптеген  мәселелер әлі күнге дейін қазақстандық теңгеге қысым көрсетуде. Мәселен, көктемде біздің негізгі сауда әріптесіміз болып табылатын, көрші Ресейге қарсы келесі санкциялар пакеті күшіне енеді. Оның қаншалықты қиын және экономикаға қалай әсер ететіндігі әлі белгісіз. Ал сарапшылар көктемге дейін теңгенің доллардан өз позициясын қайтарып алатынына сенімді.

«Барлығы экспорттаушылардың кірістерді сатуын күтіп отыр. Содан кейін көп нәрсе санкциялардың қалай әрекет ететініне байланысты болады. АҚШ-тың тағы да Ресейге қарсы әрекеті. Бұл жаһандық нарықтың айтарлықтай төмендеуі»,-дейді Андрей Цалюк.

Теңгенің әлсіреуінің тағы бір себебі АҚШ-тың Федералды резерві болып табылады. Өткен жылы ФРЖ негізгі ставканы үш рет көтеріп, доллар бағасы көтерілген болатын. Соның салдарынан инвесторлар біздің нарықтан шыға бастады. Сарапшылардың есептеуінше, олар шамамен 1 млрд сатқан. Сондай-ақ, өткен жылы теңгенің АҚШ долларына, еуроға және юаньға қатысты бағамы біраз әлсіреді. Тек ресей рубліне қатысты сәл ғана нығайды. Бірақ, айталық, мұндай жағдай бүкіл әлемде болып жатыр.

«Дамушы елдердің барлығының дерлік валюталары долларға қатысты әлсірей бастады – бұл жаһандық үрдіс. Бұл дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қарай қозғалатынын растайды. Яғни, тіпті дамушы елдер де белгілі бір үрдістерге ұшырайды»,- дейді «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.
Жалпы, әркім өз қаражатын қалай сақтайтынын өзі шешеді. Сарапшылар бүгінде де дәстүрлі түрде қаражатты әртүрлі валюталарда сақтауға кеңес берді. Олар шығындарды азайту үшін осындай әдіс ұсынып отыр.

stan.kz




22 қаңтар 2019 ж. 952 0