Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Инвестиция бойынша жүйелі жоспар әзірленбек

Инвестиция бойынша жүйелі жоспар әзірленбек

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді. Биылғы жылы 8 қыркүйек күні ел үшін маңызды құжат болып саналатын Жолдауды тікелей эфирден тыңдадық.

Бұл жолы ел Президенті ең ал­дымен мемлекетімізді да­мыту­­дың алғы­шарты бо­ла­тын инвестиция тарту мәсе­лесін айтты. Яғни, қазір­гі күрделі ахуал­­да елге инвестиция тарту – кезек күттір­мейтін мәселе деп, инвес­тиция тарту бойынша бар­лық үйлестіру жұмысын тікелей Премьер-министрге жүктеді. Осы орайда заңсыз активтерді қай­­тару жөніндегі комитетті инвес­торлардың құқықтарын қор­­ғау комитеті деп қайта атау­ды ұсынды. Сонымен қатар Президент еліміз­дегі мекемелердің бірде-бірінің ата­уын­да «инвестиция» деген сөздің жоқ­тығына назар аударды.

«Инвестиция жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз орнын таппай отыр. Сондықтан Олжас Бектенов 10 күн ішінде нақты ұсыныс айтуы қажет» деп тапсырды Президент.

Инвестиция бойынша біздің аймақта, соның ішінде ауданымызда көптеген игі іс атқарылуда. Туған жерді көркейтуден бас­тап, ірі кәсіпорындарды құру мен қайта жаңғыртуға инвестиция тарту арқы­лы тың бастамалар қолға алынды. Соның бірі ауданда атқарылған жұмыстың нәтижесі – жаң­ғыртудан өткен көпқабатты үйлердің жөнделуі. Сонымен қатар ауданның бірқатар елді мекендерінде салын­ған балалар ойын алаңдары да осы инвестицияның арқасы. Әрине, бұл ретте инвестицияны көптеп тарту арқылы ел экономикасын да көтеруге мүмкіндік мол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына Жол­­дауында айт­­­­­­қан тағы бір мәселе – қоғамда эко­логиялық мә­де­ниетті орнықтырудың ма­ңыз­дылығы. Мемлекет бас­­­шы­сының айтуынша, та­би­­ғатқа жана­шырлық пен қамқорлық ұлттық идео­логияның өзегіне айналуы тиіс. «Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысқа миллиондаған аза­матымыз атсалысып келеді. Нәтиже­сінде 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенділіктің арқа­сында Қа­зақстан нағыз жасыл елге айналады. Бұл ке­лешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке экологиялық ағар­­­ту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуді де тап­сырды. Президент тазалық мәдениетін қа­лыптастыруға үлес қос­қан азаматтарға, әсіре­се жастарға риза­шылығын білдірді. Жобаға белсенді қатысып, оның атқары­луына атсалысып келетін Сыр жұртшылығы да қоршаған ортаның тазалығына үлес қо­суда. Бұл дегеніміз жалпыұлттық жо­баны қол­­дап, игі іске жұмылған Сыр халқы да алдағы уақытта үлгілі үрдістің басы-қасынан табыла бермек.

Болатбек ҰЛТАНБЕКҰЛЫ,
аудандық мәслихат депутаты

09 қыркүйек 2025 ж. 196 0