Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Қызылорда облысы әріптестік пен инвестициялар үшін әлеуетті, даму қарқыны жоғары агро-индустриялық аймақ екенін атап өтті. Компанияның су үнемдеу технологиясы саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
«Біз әрбір инвесторды қолданыстағы заңнама аясында сүйемелдеуге дайынбыз. Барлық инфрақұрылым желілері қолжетімді, облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетеді», - деді Н.Нәлібаев.
Азми Берк Алтунташ инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған «Өндіріс» индустриялық аймағы жұмысымен танысқанын және бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі