ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қызылордадағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады

Сонымен қатар, Марат Әзілханов жаңа ашылған облыстық музейге барып, өңір тарихы мен мәдениетінің терең қабаттарымен танысты.
Сапар аясында Ассамблея Төрағасының орынбасары “Анаға тағзым”орталығына, жасөспірімдерге арналған “Сыр жұлдыздары” шығармашылық-инновациялық академиясына, Отбасы және Өнер орталықтарына, жаңадан салынып жатқан қаланың іргелі спорттық инфрақұрылымы саналатын және евростандарттарға сәйкес келетін орталық стадионның құрылысына барды. Әрбір нысандағы жұмыстармен жан-жақты танысып, өңірде рухани-мәдени жаңғыру бағытында атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді.
Қоғамдық даму басқармасы