Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекелестікті қорғау – әділ нарықтың негізі

Бәсекелестікті қорғау – әділ нарықтың негізі

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен І тоқсанда 27 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралған. Департамент берген мәліметке сәйкес, арыз-шағымдардың басым бөлігі отын-энергетика және агроөнеркәсіп салалары бойынша түскен.

Дамир Тоқжанов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы:
«Жыл басынан бері департамент 3 тауар нарығына жоспардан тыс талдау жүргізді. Нәтижесінде тауық етін көтерме саудада өткізу тауар нарығына жүргізілгене талдау нәтижесімен 2 нарық субъектісі үстем жағдайға ие болса, авиакеросинді көтерме сауда мен бөлшек саудада өткізу бойынша үстем жағдайлар анықталды. Алдағы уақытта департамент Қызылорда облысында адал бәсекелестікті дамыту бойынша ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу жұмыстарын жүргізіп отырады».

2025 жылдың І тоқсанында департаментпен 4 кедергілер жөніндегі кеңестің отырысы өткен.

Талғат Жұматов, департамент жанындағы кедергілер жөніндегі өңірлік кеңестің мүшесі:

«Тауар нарықтарына кірудегі кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңес - бұл бизнес тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытудың проблемалық мәселелерін көтеретін ашық алаңдар. Ал Қазақстанда мұндай нарықтар 5 мыңнан асады. Кедергілер жөніндегі кеңес құрылған сәттен бүгінге дейін барлығы 44 проблемалық мәселе қаралды. Облыстық кеңестің ұсынысы бойынша республикалық және жергілікті деңгейлерде 9 кедергі жойылды. Сондай-ақ, 5 кедергі оларды одан әрі жою жөніндегі жұмысты жүргізу үшін республикалық кедергілер картасына енгізілді».


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

24 сәуір 2025 ж. 114 0