Көлік инфрақұрылымы – экономиканың негізгі тірегі

– Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 1 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында табиғи газ отынымен қозғалатын 300 дана автобус алынды. Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр. Экотакси қызметін құру жобасы бойынша жоспарланған 100 электромобиль толығымен келді. Оның 52 электромобиль Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде, қалған 48 электромобиль кейін жеткізіліп, қазіргі таңда, электромобильдерді мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Жәнібек Шәкімбайұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі