Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Биыл 580 мыңға жуық көпбалалы отбасыға жәрдемақы берілген

Биыл 580 мыңға жуық көпбалалы отбасыға жәрдемақы берілген

Биылғы 10 айда 576,4 мың көпбалалы отбасыға 348,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қыркүйек айында 525,9 мың отбасыға 35,2 млрд теңге жәрдемақы берілгенін атап өтті.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді. 2024 жылы әр 4 баладан көп отбасыға мына суммадан ай сайын үлестірілген:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.

Фото: gov.kz
17 қазан 2024 ж. 162 0