Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарапайым әдіс-тәсілмен ақша жинаудың жолы қандай?

Қарапайым әдіс-тәсілмен ақша жинаудың жолы қандай?

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі қаражатын үйде емес, банкте сақтағанды жөн көреді екен. Иә, ақшаны депозитте сақтау өте тиімді әдістердің бірі. Дегенмен, осы тұста нені ескеру керек екені назардан тыс қалып жатады.

Ақшаны депозитте сақтау арқылы оның саған қалай жұмыс жасап жатқанын аңғаруыңа болады. Бұл әдісті көп жағдайда ертеңгі күніне бей-жай қарамайтындар қол­данып жатады. Өздерің білетіндей, тауарлар бағасы күн сайын қым­баттап жатыр. Осы тұста, ақшаны үйде сақ­тасаң, ол инфляцияға ұшырайтынын ескеруің керек. Ал депозитте сақ­тау – бұл кедергінің алдын алуға мүмкіндік зор.

Депозиттің тағы бір артық­шы­лығына тоқ­талып өтейік. Мысалы, сен таңдаған банк Ұлттық банктің кепілдігіне кірсе, ол банкротқа ұшы­раған жағдайда салған ақшаңды қай­тарып ала аласың. Сондай-ақ мұнда тұрақты өсім болады. Нақтырақ айтсақ, депозит ашқан кезде бекітіл­ген жылдық пайыз сақталады. Алайда қаржыны депозитке саларда ең бірінші банктің қаржы рейтингісіне қарап алғаның жөн. Ақшаны сақтау уақытына қарай депозит ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып келеді. Аты айтып тұрғандай, қысқа мерзімді депозиттің пайыздық мөлшері төмен болады. Сонымен бірге ақшаны қалаған уақытыңда айыппұлсыз шешіп алуға мүмкіндігің бар. Ал бұл ақша жинауға кедергісін келтіреді. Ұзақ мерзімді депозиттің пайыздық мөлшері жоғары болады. Бір артықшылығы, белгіленген мерзімінен бұрын қаражатты шешіп алуға мүмкіндік болмайды.

Ал енді «акция түрінде сақтауға бола ма?» деген сұраққа жауап берейік. Акцияларда тәуекел жоғары болатынын есіңнен шығарма. Себебі, оның бағасы бірде түсіп, бірде көтеріліп отырады. Сондықтан толыққанды ақпаратқа көз жеткізіп, сақтағаның дұрыс.

Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан. Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлген дұрыс. Негізінен, 60 па­йыз – ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат. 10 пайызы – үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10 пайызын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады. 10 пайыз – жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін. 10 пайызы – демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары саналады. 10 – депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастыра алуға болады.

«Үйде жатпа»
телеграм арнасынан алынды
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
04 маусым 2024 ж. 150 0