Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп жатыр ма?

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп жатыр ма?

"БЖЗҚ" АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2023 жылы 3,2 триллион теңгеге ұлғайды. Бұл БЖЗҚ-ның 2024 жылғы 01 қаңтардағы негізгі көрсеткіштері, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 17,3 трлн теңгеге жетті (2023 жылғы өсім - 21,6%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы ­- 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 27,6%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 48,3%) болды.

2023 жылы салымшылардың шоттарына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5% мөлшерін БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. Олардың мөлшері – 2,1 трлн теңге (бір жылдағы өсім - 25,3%). МКЗЖ есебінен 95,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті (бір жылдағы өсім - 24%). ЕЗЖ көлемі 2,3 млрд теңге.

Фото: alashainasy.kz
25 қаңтар 2024 ж. 380 0