Н.Нәлібаев: Мемлекет қаржысы халық игілігіне бағытталуы қажет
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев субсидиялау мен инвестициялаудағы, жайылымдар мен шабындықтарды дамытудағы, жер бөлудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндады.
Мемлекет аграрлық саланы қолдауға жыл сайын қомақты қаржы бөліп келеді. Аймақ басшысы қаржының мақсатты жұмсалуы мен жер учаскелерін табыстауда сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін жұмыс қарқынын әлі де күшейту керектігін айтты.
Саладағы жіті мән беретін мәселе – шаруашылықтар пайдаланатын тыңайтқыштар құнын субсидиялау. Жаңа қолданыстағы субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне сәйкес шаруа қожалықтары тыңайтқыш нормасын көрсететін мәліметті дербес өздері енгізеді. Кейбір субсидия алушылар жүйеге мәлімет енгізгенде қателіктерге жол беріп, артық қаржы төлену тәуекелін туындатады. Жүйедегі кемшін тұстардың салдарынан мемлекеттік қызметші жауапқа тартылуы ықтимал. Сондықтан басқарма басшысына саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және тәуекелдерді болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Анықталған құқықбұзушылықтарды қалпына келтіру, алдын алу және жою бойынша департаментпен бірлесіп бекітілген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету керек.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Искаков өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар мен медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласына жүргізілген талдаулар туралы баяндады.
Өз кезегінде, аймақ басшысы әлеуметтік желідегі сыни пікірлердің көбісі дәрігерлердің қызметіне байланысты екенін атап өтіп, саладағы кемшіліктерге баса назар аударуды қатаң тапсырды.
«Денсаулық сақтау саласында халық ықыласына бөленген білікті дәрігерлер аз емес. Алайда, қоғамда «ақша бермесең, дәрігер қарамайды» деген пікірлер де бар. Ем іздеп келген науқастардың жақындары «дәрігерлер оң көзімен қарасын» деген ниетпен, түрлі жолмен алғысын жеткізетінін жоққа шығара алмаймыз. Қоғамда қалыптасып қалған біржақты пікірлерді жоюға бар күш-жігеріңізді жұмсап, халық үніне құлақ аса отырып, дәрігерлер мен тұрғындар арасында дәнекер болуыңыз қажет. Бұл бағытта сындарлы диалог орнатудың тиімді тетіктерін қарастырып, жаңадан ұсыныс енгізіңіз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мұнан бөлек, облыс әкімі жауапты басшыларға денсаулық сақтау және білім салаларында анықталған жалған ақпарат беру арқылы мемлекет қаржысын жымқыру фактілері бойынша шұғыл шара қабылдауды міндеттеді.
Балабақшаларға қаражат бөлуде көлеңкелі әрекеттерге жол берілген. Нақты тізімде жоқ «ауадағы» балалар үшін қаржы аударылған. Жеке балабақшалар балалар тасымалын ұйымдастыруда қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, зерделеу тобы мүшелеріне, тіпті полиция қызметкерлеріне бағынбау деректері орын алды.
Кейбір кәсіпкерлер балабақша тіркелген мекен-жайдағы ғимаратты тұрғын үй есебінде пайдаланса, кейбіреуі азық-түлік дүкенін ашқан. Балабақша ғимаратының бір бөлігіне АРТ спорт үйірмелерін ұйымдастырып келгендер де бар.
Аймақ басшысы саладағы құқықбұзушылықтарды қалпына келтірумен тек білім басқармасы емес, құқық қорғау және басқа да құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп айналысуы қажет екенін ескертті. Өйткені баланың білімі мен тәрбиесіне бөлінген қаражат кәсіпкердің өз мүддесіне емес, түпкі мақсатына сай жұмсалуы тиіс.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі