Айбек Дәдебай жаңадан құрылған "Әділет" партиясының төрағасы болып сайланды
Астанада өтіп жатқан "Әділет" партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұсынысты съезге қатысқан 1000-нан астам делегат бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Өз кезегінде Айбек Дәдебай делегаттарға көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, қабылданған шешімді үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын жеткізді. Сондай-ақ жиын барысында жаңа саяси бірлестіктің Саяси кеңесінің құрамы таныстырылды. Белгілі болғандай, кеңеске 30 адам енгізілген.
Олардың қатарында Айбек Дәдебай, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова және өзге де қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бар.
Еске саалйық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірген еді.










