Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада облыс әкімін тағайындау мәселесі бойынша жиын өтеді

Қызылордада облыс әкімін тағайындау мәселесі бойынша жиын өтеді

Қызылорда облысы әкімін тағайындауға келісім беру жөніндегі депутаттар жиналысы өтеді, деп хабарлайды облыстық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі. KAZINFORM

— «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру мәселесі бойынша мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді, — деді Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов.

Жиын 2026 жылғы 8 мамыр күні сағат 09:00–де Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1 мекенжайында орналасқан Облыстық мекемелер үйі ғимаратында ұйымдастырылады.

Жиналысқа Қызылорда облысының аумағындағы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысады.
Депутаттарды тіркеу таңғы сағат 08:00–де басталады.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев ҚРПремьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қызылорда облысы әкімі лауазымынан босатылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай




07 мамыр 2026 ж. 731 0