Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаға 222,5 мың адам қатысты

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаға 222,5 мың адам қатысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 1 сәуірге дейінгі нәтижені ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 222,5 мың адам қатысып, 152,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 48,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,1 мың адам, жастар практикасымен 5,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 76 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 66 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 7,4 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 14 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 12,4 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 53,6 мың адамлы қамтыды, оның ішінде 39,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 40,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
13 сәуір 2023 ж. 137 0