Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономика министрі теңгенің не себепті нығайғанын түсіндірді

Экономика министрі теңгенің не себепті нығайғанын түсіндірді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров теңгенің күшеюіне себеп болған негізгі факторларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер Қуантыровтан теңгенің не себепті нығайғанын сұрады. Оның айтуынша, бұған дейін ұлттық валютаның құлдырауына бірнеше фактор әсер еткен. Соның бірі – халықтың жаппай шетел валютасын сатып алуы.

"Өкінішке қарай, кейбір бизнесмендер мен халықтың бір бөлігі долларды сатып алуға жүгіреді. Содан теңгеге салмақ түседі. Қазір жағдай түзелді, тұрақтылықты көріп отырмыз", - деді Қуантыров мәжілісте өткен брифингте.


Министрдің айтуынша, төрт айдың ішінде отандық экономика 4,4 процент өсті. Бірақ теңгенің нығаюына негізінен долларға деген сұраныстың азаюы әсер еткен.

"Соңғы айларда ұлттық банк интервенция жасаған жоқ. Сәуірде және мамырда анық болмады. Теңгенің қазіргі бағамы – нақты бағам", - деп атап өтті бас экономист.

Осы орайда министр экономикалық болжам жасалғанда бір доллар 460 теңге болып көрсетілгенін еске салды. Соның негізінде республикалық бюджет жасақталған. Алдағы уақытта болжамға өзгеріс енгізілуі мүмкін.

"Теңге бағамы нығайды. Оны көріп отырсыздар. Біздің жылдық болжамымыз – 460 теңге. Бюджетке енгізіп қойдық. Бірақ бұл – бір жылға болжанып отырған орташа баға. Енді экономиканың жағдайын статистикадан көруіміз керек. Ол бір-екі айдан кейін шығады. Жарты жылдың қорытындысы бойынша статистиканы қараймыз, соның нәтижесінде болжамды нақтылаймыз", - деді бас экономист.
25 мамыр 2022 ж. 395 0