Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Альфа-Банк Қазақстан» отандық қаржы ұйымына айналады

«Альфа-Банк Қазақстан» отандық қаржы ұйымына айналады

Жақында тағы бір ресейлік банктің еншілес ұйымы отандық банктің бірімен келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

ЦентрКредит Банкі «Альфа-Банк Қазақстанды» сатып алды. Енді Альфа-Банк акционерлер құрамынан шығып, өз өкілдерін директорлар кеңесінен кері қайтарады. Банктің баспасөз хабарламасында осылай делінген. Қос тарап арасындағы мәміле заңды түрде аяқталғанда «Альфа-Банк Қазақстанға» ребрендинг жүргізіледі. Осылайша ол толықтай қазақстандық банкке айналады. Сондай-ақ акционер клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін банкті қосымша өтімділікпен қолдауға дайын екенін хабарлады.

Еске салайық, қазақстандық Альфа-Банкке қатысты санкциялар 6 мамырда күшіне енетіні айтылған. Санкция астында қалмау үшін қаржы ұйымы жаңа акционер іздеген. «Риск Тейкер» сарапшылары бұл мәміле ЦентрКредит Банкке болашақта капиталын ұлғайтуға мүмкіндік береді деп санайды. Бұған дейін сарапшылар санкцияға ілінген банктерді үлкен жеңілдікпен сатып алады деп болжаған.


22 сәуір 2022 ж. 387 0