Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі бизнес біртіндеп реттеледі

Елдегі бизнес біртіндеп реттеледі

Әлемдегі геосаяси ахуал логистика саласындағы отандық кәсіпкерлердің бизнесіне едәуір нұқсан келтірді. Бұл туралы «Атамекен» палатасының төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бүгін ұйым өкілдері 100-ден астам бизнес өкілімен кездесті. Іскерлер базыналарын жеткізіп, қордаланған мәселелерді шешу жолдарын талқыға салды. Палата төрағасының пікірінше, алдағы уақытта бизнес саласында бірқатар өзгеріс болуы мүмкін. Себебі қазір инвесторлар үшін Қазақстан нарығы тартымды бола түскен.

Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП төрағасы:

– Шекараларда қалыптасқан жағдайға байланысты тауарларды тасымалдау қиындай түсті. Біз барлық деректі тіркеп, әр жағдай бойынша шешім табуға тырысамыз. Біз қазіргі геосаяси ахуалдың өз пайдамызға асырмақшымыз. Мәселен, бұрын отандық кәсіпкерлер кей өңірлерге өз өнімін жеткізе алмаған. Бүгінде олар сауда нарығында босап жатқан орынды басып жатыр. Шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін салықтық жеңілдіктер енгізу қажет. Елордалық палатаның өңірлік кеңесінің басшысы Болат Омаровтың айтуынша, мұндай қадам бизнестің жүктемесін едәуір азайтады. Нәтижесінде тауар бағасын реттеуге мүмкіндік болады. Жағдайдың қиын болғанына қарамастан, елордада кәсібін ашып, бизнес жүрігізіп жатқандар көбейді. Былтырдың өзінде бұл тізім 20 мыңға толықты.

Болат Омаров, қалалық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы:

– Өткен жылы біз шағын және орта бизнеске қатысты 70-ке жуық мәселені шештік. Кәсіпкерлер өңірлік ішкі жалпы өнімнің 60 процентін қамтамасыз етті. Олар негізінен құрылыс, сауда, қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Әрине олар үнемі палатаға келіп, туындаған мәселелер жайында бізді хабардар етеді. Біз өз тарапымыздан барынша көмек көрсетуге күш саламыз.







21 сәуір 2022 ж. 360 0