Ресей Президенті елімізде АЭС салуға көмек беруге дайын екенін айтты
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электр стансасын қалуға жәрдем беруге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандық әріптесім әрі досым бейбіт атом саласына қатысты айтқан болатын. Біз көршілеріміздің, достарымыздың, оның ішінде Қазақстанның да атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарларын жіті қадағалап отырамыз. Қазақстан Президентінің сөз сөйлеуінде айтқан ұсынысты тұжырымдауға тырысып көрейін. Ресей серіктестеріне, оның ішінде қазақстандықтарға атом электр стансасын салу және пайдалануда жәрдемдесуді әрі қолдау көрсетуді ұсынады. Егер, сіздер мұндай шешім қабылдайтын болсаңыздар», - деп атап өтті Ресей Президенті XVII Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында.
Оның атап өтуінше, сөз республикада тек атом электр стансасын салу ғана емес сонымен қатар ауқымды сала құру жайында болып отыр.
«Сөз ресейлік жоғары оқу орындарында атом энергетикасымен байланысты жаңа мамандықтарға кадрларды оқытуды қамтитын толықтай сала құру жайында болып отыр. Атом электр стансасының ауаның ластануына ықталы өте төмен. Ресейлік мамандар кезең-кезеңімен атмосфераға жүктемені төмендетіп, технологияларды жетілдіруде. Тиімді газ тазалау қондырғыларын пайдалануға енгізіп те жатыр. Жалпы, Ресей мен қазақстанның экология және жасыл өсім саласында бірлесе жұмыс істеуі үшін зор келешек бар екендігін тағы қайталағым келеді. Оған елдеріміздің барлық өңірі белсенді түрде қосылады деп үміттенемін», - деді Владимир Путин. Біздің каналымызға жазылыңыз: