Елімізде бензин бағасы неге тұрақсыз?
Қазақстанда бензин бағасы неге құбылып тұр? Бүгін бұл сұрақты Парламент қабырғасында Альберт Рау көтерді, деп хабарлайды 24.kz.
Депутат бензин бағасын реттеу үшін жаңа механизм енгізу қажеттігін айтты. Құзырлы органдар бұрын бағаның құбылуын импортқа тәуелділік пен мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеумен байланыстыратын.
Енді «Атырау зауытындағы авариялық жағдайға байланысты бензин бағасы да шарықтай бастаған» дейді.
Депутат жанар-жағармайдың қымбаттауы сайып келгенде қарапайым тұтынушының қалтасын қағатынын атап өтті. Артынша Энергетика министрлігі де жауап берді.
«Қазіргі таңда бензин бағасының қымбаттауын көріп отырмыз. Мұнай өнімдерінің құнын реттеуге мемлекет араласа алмайды. Бағаны нарықтың өзі белгілейді. Бензин 2015 жылдан, ал дизельді отын 2016 жылдан бері мемлекет бақылауында емес. Мұндай ахуал көрші елдерде де байқалып отыр», - дейді министрлік өкілі.
Нарыққа мемлекеттің неге араласпайтынын сала өкілі былай түсіндірді.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Мұнай өнімдерін арзандату мемлекетте тиімсіз тәсіл болып тұр. Бағаның төмендеуін шекаралас мемлекеттер өз пайдасына қолданып кетуі мүмкін. Көлеңкелі экономика көлемі артып, түрлі жолдармен тасымал пайда болады. Сайып келгенде елдің мұнай өңдеу саласын айтарлықтай шығынға әкеледі. Сондықтан жағдайды нарықтың өзі реттегені жөн деп есептейміз.