Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "QAZAQSTAN HALQY ASSAMBLEIASY" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару Қазақстан халқы Ассамблеясың 25 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында - ұлттық ою-өрнек элементтері. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 TEŃGE» жазуы орналасқан. Айналдыра "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар бар.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) күн сәулесінің аясында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін "25" жазуы бар ою-өрнек картасы орналасқан. Кескіннің астында құрылған жылын білдіретін және бір мезгілде соғылған жылы мен мерейтой күнін білдіретін "1995•2020" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – мемлекеттік ту элементі. Айналдыра "QAZAQSTAN HALQY ASSAMBLEIASY" және "АССАМБЛЕЯ НАРОДА КАЗАХСТАНА" деген жазбалар бар.
Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі
















Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі

Техникалық өлшемдері:
"Рroof-like" сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3000 данада дайындалды.


"Uncirculated" сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.


Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
21 тамыз 2020 ж. 506 0