Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қанша банк банкротқа ұшырауы мүмкін?

Қазақстанда қанша банк банкротқа ұшырауы мүмкін?

Үш отандық банк, атап айтқанда Tengri Bank, Asia Credit Bank және Capital Bank Kazakhstan-ға шұғыл капиталдандыру қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер олар өздерінің активтерін толықтырмаса, онда олар банкротқа ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдайда, олар салымшылар мен басқа клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмайды.
Сондай-ақ, сарапшылар 2020 жылдың бірінші тоқсанында ForteBank-тың портфелінің айтарлықтай нашарлағанын айтады.
Бұл тұжырымға Radius консалтингтік мамандары келді.
Компания пандемия зардаптарына қарамастан, болашақта Қазақстанның банк секторы тұрақты болады дейді. Алайда, кейбір ЕДБ кірістерінің төмендеуі әлі де болады. Бірақ бұл олардың үшінші тоқсанның соңына дейін қалпына келуіне кедергі болмайды.
08 мамыр 2020 ж. 607 0