Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СӘБИ АНА СҮТІНЕН ШЕТІНЕП КЕТТІ

СӘБИ АНА СҮТІНЕН ШЕТІНЕП КЕТТІ

Ағылшынның Тайнмут қаласында қайғылы оқиға болды. Жергілікті тұрғын жүктілік кезінде ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаған. Ол баласының шетінеуіне себеп болуы мүмкін,  – деп хабарлайды. stan.kz
Қыз небәрі бес күн өмір сүргеннен кейін қайтыс болды. Сот барысында баланың ана сүтіне енген дәрі-дәрмектің кесірінен қайтыс болды деген болжам айтылды. Жүктілік кезінде әйел дәрігерлердің ұсынысы бойынша арқасы ауырғаны үшін трамадол қабылдады.

Анасының айтуынша, ауруды басатын дәріні алғаннан кейін ол қызын емізбейтін болды, алайда дәрігерлер одан қорқатын ештеңе жоқ деген қорытындыға келді. Тергеу барысында бала дәрігері іс материалдарымен танысып, бұл дәрі емшек сүтіне еніп, жаңа туған нәрестеге қауіп төндіретінін атап өтті.

Медициналық сарапшы педиатрдың ескертулерін қызды босандырған ауруханаға жіберуге уәде берді.

Трамадол дәрісінің көрсетілімінде бала емізуге (ұзақ қолдану жағдайында)» болмайтыны ескертілген.
21 тамыз 2019 ж. 1 593 0