БАЛАҒА ЖҰЛДЫЗНАМАСЫНЫҢ ӘСЕРІ
Тоқтылар
Кішкентай тоқтылар сынды мүлде қабылдамайды. Ал оларға қысым көрсеткендер агрессияға тап болады. Бала агрессия көрсетпес үшін оны тыңдай керек. Оның кейбір істерді жасауына рұқсат ету қажет. Бірақ шектен тыс еркіндік беруге болмайды.
Торпақтар
Олар өз жасында көп нәрсені түсінеді. Мұндай балалардың ата-аналары оларға жақсы дос бола білулері керек. Олар дәмді тамақтанғанды жақсы көреді. Сол себепті оларға дауыс көтермей, кешкі ас кезінде сөйлескен жөн.
Егіздер
Олар жалқау болып келетіндіктен бұнымен бала күнінен күресу керек. Баламен келісімге келіп, әр тапсырманы орындаған сайын марапаттап отыру қажет.
Шаяндар
Кішкентай шаяндар өздеріне ерекше қарым-қатынасты талап етеді. Оның көзінше жанжал шығармаған жөн. Себебі бала оны ұзақ уақыт бойы есінде сақтап қалады. Олар айналасындағылардың көңіл-күйін тез түсінеді.
Арыстандар
Оларды жетістіктері үшін үнемі мақтап отырған дұрыс. Бірақ шектен тыс еркіндік беруге болмайды. Дұрыс пен бұрысты түсіндіріп отыру керек.
Бикеш
Олардың талпынысы күшті. Бала күнінен жинақы келеді. Оларға ата-анасының мақұлдауы мен қолдауы маңызды. Олардан тіпті кеңес сұрап отыру қажет.
Таразы
Таразыларда шешімталдық пен батылдық аз. Бірақ олар өз жастарында өте ақылды. Оларға ата-анасының пікірі таңдау жасағанда аса маңызды.
Сарышаян
Олар қу келеді және ешқандай жазаны көтермейді. Мұндай балаларды тәрбиелеу оңай емес. Оларды жақсы істері үшін марапаттап отырған дұрыс. Біраз абай әрі адал болу керек.
Мергендер
Олар тәуелсіз және өздеріне назар аударғанды талап етеді. Олар ойланбай жиі қимылдайды. Себебі оларға жұрттың назарында болған ұнайды. Оларға кейбір әрекеттерінің салдарын түсіндіріп отыру керек.
Тауешкі
Олар өте ақылды. Олардың ойы биік. Олар өз қиындықтарын біреудің көмегінсіз шешуге тырысады. Бірақ олардың бірбеткейлігі өздеріне таяқ болып тиіп жатады.
Суқұйғыштар
Олар өте шығармашыл әрі ашық. Олар терең ойға жиі беріледі. Олардың шығармашылық қабілеттерін тұншықтыруға болмайды.
Балықтар
Олар өте арманшыл. Олардың көңіл-күйі он минут сайын өзгереді. Ата-анасы олардың жақын достары болуы керек. Оларды үнемі мақтап отырған дұрыс.