118 БАЛАНЫ АСЫРАҒАН КЕЛІНШЕК 20 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қытайдың Хэбэй провинциясының тұрғыны 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған.
54 жастағы Ли Яньсяның аты 2006 жылы филантроп ретінде шыққан. Ол кезде келіншек күйеуінің өз ұлдарын жергілікті базарда жеті мың юаньға сатып жібергенін айтқан. Ол баланы кері қайтарып алған. Содан кейін балаларға көмектесу туралы шешімге келген.
1996 жылдан бастап ол темір өндіретін компанияға иелік етіп, соның арқасында Хэбэйдегі ең бай әйелдердің бірі болған. Ол ең алғаш рет шахталарының бірінің қасынан бес-алты жастағы қыз баланы көріп, асырап алған. Кейін ондаған баланы алған. «Махаббат ағашы» деген приют ашқан. 2017 жылы оның үйінде 118 бала болған. Сол жылы жергілікті билікке оның үстінен арыз-шағым түсе бастаған. Келесі жылдың мамырында полиция оның банктегі шоттарынан ірі мөлшердегі ақша мен қымбат автокөліктер тәркілеген. Сол кезде оның 2011 жылдан бастап алаяқтықпен айналысқаны анықталған.
Дереккөз: Lenta.ru