Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғарышта бала қанша уақытта дүниеге келеді?

Ғарышта бала қанша уақытта дүниеге келеді?

Ғалымдардың көксегені – ғарышта адам туғызу

Ресейлік ғалымдар ғарышта баланың дүниеге келуін жүзеге асырмақ. Олар үміттеніп отырғандай, бұл әрекет ғарыш медицинасының дамуындағы үлкен секіріс болар еді. Бұл туралы Медико-биологиялық институтының жасушалар биофизикасы зертханасының меңгерушісі Ирина Огнева айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Ғарышқа алғаш табан тіреген де, ғарышта ең бірінші болған да біздің қандастарымыз. Әлі күнге дейін ғарышты игеру мәселесінде алғашқы қатарда келеміз. Осыған орай, ғарышта туған алғашқы бала да Ресей азаматы болғанын қалаймын. Дегенмен, біз бірінші орынға патриоттық популизмді емес, адамдарды қорғау мәселесін қоюымыз керек. Ең бастысы – ғарышта адамның өмірге келуі емес, оның дені сау болып тууы. Ал біз осы жоспарымызды жүзеге асыру барысын зерттегенде, өзіміздің қабілетіміздің бәсекеге қабілетті екеніне көз жеткіздік", - деді Ирина Огнева.

"Мүмкін, мұндай ірі әрекеттерді жүзеге асыратын уақыт келмеген болар, бірақ мақсат қойып талпыныс жасауға болады", - деп түйді ол сөзін.

Осы уақытқа дейін дәл осы типтегі мақсаттар қойылып және жұмыс барысы талай жоспарланған. Бірақ бұл әрекетті жүзеге асыруға этика принциптері рұқсат бермейді.

"Ғылыми көзқарас тұрғысынан бұл эксперимент – шешімін табатын дүние. Ал этика тұрғысынан адам ұрығымен тәжірибе жасау болып саналады", - деді ғалым.

Ол өзінің зерттеу жұмыстарын жасау барысында адамның ғарышта қанша уақытта өмірге келетініне көз жеткізгісі келген.

qamshy.kz
19 маусым 2019 ж. 898 0