Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың ғарыш станциясы өртеніп кетті

Қытайдың ғарыш станциясы өртеніп кетті


Станция ғарышта алты жыл бойы жұмыс істеп тұрды, 2011-2013 жылдары оған үш экспедиция барған.
Қытайдың "Тяньгун-1" ғарыш станциясы бөлшектерінің басым көпшілігі Жер атмосферасына енген кезде өртеніп кетті.
"Тяньгун-1" станциясы орбитада 2011 жылдан бері болған, Жер атмосферасына дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 8.15-те оралған.
"Станция Жер атмосферасына Тынық мұхитының оңтүстік жағынан енді, "Тяньгун-1" бөлшектерінің басым көпшілігі атмосфераға кірген кезде жанып кетті", — деп жазады РИА Новости ҚХР ғарышқа ұшу бағдарламасының хабарламасына сілтеме жасап.
Станция жұмыс істеп тұрған кезде оған үш экспедиция барған – 2011, 2012 және 2013 жылдары. 2016 жылы станциямен байланыс жоғалып кетті.
02 сәуір 2018 ж. 1 199 0