Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қалыпты өмір сүру үшін адамға қанша демалу керек

Қалыпты өмір сүру үшін адамға қанша демалу керек

Ғалымдар қалыпты өмір үшін қанша демалу керек екенін анықтады. Адамға кемінде үш апта жыл сайынғы демалыс қажет. Ал әрбір 62 жұмыс күні сайын демалыс алса тіпті жақсы дейді ғалымдар.

Огайо штатының ғалымдары адамға бірқалыпты, ұзақ өмір сүру үшін қанша демалыс керек екенін айтты.  Зерттеу нәтижесінде адамға жыл сайынғы демалыстың кемінде үш аптасы қажет екені анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша, демалыста 21 күннен аз уақыт өткізген адамдардың өмірі 37% - ға қысқарақ болады.
 
"Мысалы төрт күн жұмыс істемеген адамның өзінде күйзеліс деңгейі төмендеп, ағзаға оң әсер етеді. Демалыс аптасынан кейін қан құрамындағы ағзаның қартаюна әсер ететін биомаркерлер саны қысқарады. Дұрысында әр 62 жұмыс күні сайын адамға демалыс қажет", - дейді ғалымдар. 

baq.kz
03 маусым 2019 ж. 1 034 0