Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Еш жерде кездеспейді": Көзінен қанды жас ағатын қыз ауруының себебін біле алмай отыр

"Еш жерде кездеспейді": Көзінен қанды жас ағатын қыз ауруының себебін біле алмай отыр

Австралиялық бойжеткен дәрігерлер бірнеше айдан бері анықтай алмай келе жатқан ерекше ауруы туралы мәлімдеді. Қыздың көзі мен ауызынан қан ағады және талмасы бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 9News порталына сілтеп.

Осыдан жарты жыл бұрын 17 жасар Aлексис Харрисон (Alexis Harrison) бала бақшада жұмыс істеп жүргенде ваннада құлап кетіп басымен соғылған. Ауруханаға барғанда дәрігерлер қызды қарап, үйге жіберген.
Келесі күні оның көзінен қанды жас шыққан, ал кейінірек талмасы ұстап қалған. Харрисон басына компьютерлік томография (КТ) жасаған ауруханаға жеткізгенде, дәрігерлер суретте мидың зақымдануы байқалмайтынын айтып қызды үйіне қайтарған. Харрисонның анасының  айтуынша, қыз жартылай есін білмей тұрса да, дәрігерлер зерттеу нәтижелерін сүйеніп, бәрі жақсы болады деп сендірген.
Осындан кейін де дәл осындай жағдай бірнеше рет қайталанған.
Қыздың ата-анасы мидың магниттік-резонанстық томографиясын (МРТ) жасатқанда да, органның зақымдануы жоқ екенін көрсеткен. Ал дәрігерлер қыздың талмасына  "психологиялық себептер" болуы мүмкін деп болжаған.
Сондай-ақ, офтамолог көзден ешқандай зақым таппаған. Бірақ қанның ағуын  "психологиялық себептерге" байланысты емес дейді. 
Тек мамыр айының басында қыздың анасы осы уақыт ішінде дәрігерлер басқа пациенттің КТ суретін көргенін анықтады. Жаңа зерттеулер Харрисонның мұрын қуысының жоғары секрециясында бір масса бары аныталды. Бірақ дәрігерлер бұл көзден және ауыздан қан кетуге жіне талмаға қатысы жоқ деп сендіреді. 
Қазір қыздың ұстамасы әр үш сағат сайын қайталанып, қан екі көзіне, мұрны мен аузынан әр екі сағат сайын ағатын болған. Қыз жұмыс та істей алмайды. Белгісіз ауруы оқуына да кедергі болып отыр. 
Басқа медициналық мекемелерден келген дәрігерлер Харрисонның жағдайы "ешжерде жерде кездеспейтінін" алға тартады.
18 мамыр 2019 ж. 1 433 0