Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір күнде бір перзентханада туған ғашықтар 26 жылдан кейін үйленгелі отыр

Бір күнде бір перзентханада туған ғашықтар 26 жылдан кейін үйленгелі отыр

Шона Грейси мен Том Магуайр өздерінің махаббат тарихы 2010 жылы достарының сауық-кешінде, бір-бірін алғаш кездестірген сәтте басталды деп ойлайды. Дегенмен, олардың керемет оқиғасын естіген адамдар бұл ғашықтардың дүниеге келе салысымен бір-біріне арналған жандар екенін түсінетін болады, деп жазады Stan.kz.

26 жыл бұрын, 1992 жылы 22 желтоқсанда, Шона Уигандағы ауруханада уақытынан бірнеше апта бұрын дүниеге келді. Жеті сағат өткен соң, дәл сол перзентханада оның болашақ күйеуі дүние есігін ашты.

Олардың балалық шағы да бір қалада өтті және екеуі бір-біріне жақын жерде тұрды. Бірақ, олар  2010 жылға дейін бір-бірін білмеді. Том мен Шона 18 жасында, достары ұйымдастырған сауық-кеште бір-ақ кездесті. Шона  «Микки маустың» костюмінде болғанда бүкіл кеш бойы оған ниндзаның киімін киген бір жігіт қырыңдаумен болды. Бірақ, оның беті толығымен бетпердемен жасырынғандықтан, бойжеткен оның бет-әлпетін көре алмады.

Кеш соңында Том қызға екеуінің алдағы уақытта міндетті түрде кездесулері керек екенін айтып, оған әлеуметтік желілер арқылы жаза бастады. Жігіт Шонға бір көргеннен ғашық болып қалды. Содан олар араласып, сөйлесе бастады. Бірақ, Шона 2011 жылдың сәуіріне дейін онымен кездесуден қашып жүрді. Ақырында, Том оның жүрегін жаулап алып, екеуі кездесе бастады. Сол кезде ғашықтардың бір күнде және бір жерде дүниеге келгені белгілі болды. Сонда олар екеуінің бір-біріне арналғанын түсінді.

Қазір Шона мен Том бірге тұрады. Және мамыр айында олар үйленгелі отыр.
04 мамыр 2019 ж. 1 098 0