Несібе
Америкада екі ағайынды жігіттің әйелдері бір уақытта босанып, олардың біреуі ұл, біреуі қыз босаныпты. Кішкене шақалақтарды медбикелер ауыстырып алып, қайсысы қайсысының баласы екенін біле алмапты. Аналары сәбилерін қайсысы ұл, қайсысы қыз туғанын анықтап беруін талап етеді. Содан үлкен профессорлар не істерін білмейді. Олар қан тобын тексеруге беріпті. Бұларынан да еш нәтиже шықпайды. Содан бас дәрігер «мен бұл мәселенің шешуін табамын» деп мұсылман елінің бір профессорына қоңырау соғып:
– Сен өз дініңді құрмет тұрып, Құраныңда барлық сұраққа жауап барын айтып едің ғой. Енді соған көз жеткізу керек болып тұр. Маған мына сауалдың шешімін тауып берсең, – деп өтініш жасайды.
– Ол қандай сауал, – екенін сұрағанда американдық:
– Бір екі ағайынды адамның баласы бір мезгілде босанып, біреуі ұл, біреуі қыз туды. Соның қайсысы қайсысының баласы екенін анықтай алмай отырмыз, – дейді.
Мұсылман елінің профессоры сол кезде:
– Оның жауабы өте оңай. Сен босанған аналардың омырауынан аққан сүттің құрамын тексеріп көр. Ұл бала туған ана сүтінің құрамы жоғары болса, қыз бала туған ана сүтінің құрамы төмен болады» – депті.
– Неліктен олай?, – дегенде мұсылман профессор:
– Алла Тағала ұл баланың несібесін жоғары қылса, қыз баланы ұлдан төмен етіп жаратқан, – дейді.
Бас дәрігер сүттің құрамын тексеріп көрсе, шынымен де дәл солай болыпты. Ұл бала туған ана сүтінің құрамы жоғары, ал қыз бала туған ана сүтінің құрамы төмен болыпты. Сөйтіп, ұл туған анаға ұлын, қыз туған анаға қызын беріп, мәселенің шешімі табылған екен.
«Еркектің тапқаны маңдайға, әйелдің тапқаны таңдайға» деген осыдан қалса керек-ті.

Г.ӘЛЖАНОВА